Күз-қыс 2017-2018: сәнді әшекейлер

Күз-қыс 2017-2018: сәнді әшекейлер
Фото: cwtimes.ru

Дизайнерлер өз идеяларын және жаңадан пайда болып жатқан трендтерді араластырып, микстер ойлап табуда. Күз-қыс топтамасындағы кей әшекейлер мен аксессуарлар киім үлгісін де басып кеткен.

Тері шарф пен жаға (горжетка)

Мойынорағыш – сіз үшін желден қорғайтын аксессуар ғана болса, оған енді басқа көзбен қарау ұсынылады. Дизайнерлер шарф тағудың түрлі әдісін ұсынумен қатар, оны адам ойына келмеген материалдан жасап жатыр. Тоқылған шарфтың орнына тері шарфтар келді. Ол жылы және қызықты көрінеді. Мұндай шарфтар шағын және базалық түстерден де немесе өте ашық алқызыл, көкшіл, күлгін түстерден де кездесті. Оны иыққа іліп қоюға, мойынға орауға және бас киім секілді қолдануға болады. Алайда тері шарфтар кең үлгідегі киімдермен үйлеспейтінін есте сақтаңыз. Суықтан қорғайтын және киім үлгісіне ерекшелік сыйлайтын тағы бір аксессуар – тері жаға. Мұндай жағаны дизайнерлер жүн пальтомен тағуды ұсынады. 

«Әжелердің» орамалы

Дизайнерлер орамалды ашық түсті суреттермен ерекшелеген. Сәнде орамалды әжелер тағатын секілді иек астынан байлау трендке айналды. Кей дизайнерлер орамалды бас киімнің немесе байлауыштың (повязка) сыртынан тағуды ұсынған.

Ободок және байлауыш (повязка)

Мұндай аксессуарлар бойжеткендерді қуыршақ секілді етіп көрсетеді. Суық күндері гүлмен және інжу моншақпен безендірілген ободоктар жазғы көңілді күндерді еске түсіреді. Сән көрсетілімдерінде байлауыштардың теріден немесе трикотаждан жасалған түрлері кездесті.

Ұзын және тері қолғап

Күз-қыс 2017-2018 топтамасында сәнді қолғаптың ұзындығы шынтаққа дейін немесе одан да жоғары болуы тиіс. Былғарымен және күдерімен бірге сәнде кез келген түстегі трикотаж қолғаптар болады. Дизайнерлердің айтуынша, қолғапты сыртқы киіммен кию міндетті емес. Олар қолғапты көйлекпен, жейдемен және жеңі қысқартылған коятюммен үйлестірген.

Көзілдірік

Бұл мезгілде де бұрыннан келе жатқан авиатор, «мысық көз» көзілдірігі, дөңгелек ілдірік және оверсайз үлгілер сәнде болады. Сонымен қатар трендте ерекше ілдірігі мен линза пішіні болады. Классикалық қара-қоңыр линзамен қатар түрлі түсті әйнекті көзілдіріктер де сәнде болады.

Көлемді білезік пен сақина

Әшекейге келетін болсақ, дизайнерлер көлемді заттарға бет бұрды. Көлемді және масималды түрде қарапайым пішін – күз-қыс 2017-2018 топтамасының сәнді әшекейлерінің ерекше белгісі. Әшекей тас, пластика немесе металдан жасалса да ірі болуы тиіс. Бұл мезгілдің сәнді тренді бойынша қолғап немесе киім жеңінің сыртынан бірнеше білезікті қатарынан тағуға болады. Сақина да ірі болуы керек. Дизайнерлер бірнеше сақинадан тұратын бір стильдегі жиынтықтар ұсынды. 

Жалғасы бар...

А. Жапатова