Көктемгі сән: Smart Casual стилі

Көктемгі сән: Smart Casual стилі

"Сән - өтпелі, талғам - мәңгілік"

Коко Шанель

Еліміздің ең үлкен «Апорт» моллындағы Mango бутигіне жол тартып, көктем-жаз топтамасымен таныстық. Көптеген қалада кездесетін Манго дүкенінен, негізінен, күнделікті киетін киімдерді табуға болады. Әрбір маусымда дүкен сөрелері соңғы сәндегі киім-кешектермен жаңартылып тұрады.

Бұл жолы да көктемгі маусымның жаңалыққа толы киімдері келіп үлгеріпті. Дүкен коллекциясы бай, барлық стильдік үлгіні кездестіресіз. Оларды бір-бірімен сауатты үйлестіріп, жаңаша бір өзіндік бет-бейнеңізді жасай аласыз. Мысалы, суреттегідей скинни шалбарды трендтегі свишотпен киіп, мойныңызға күміс түстес алқаны салсаңыз, smart casual стиліндегі ерекше сәнді бикеш болып көрінесіз.

Свитшот - 8990 тенге

Skinny шалбар - 8990 тенге

Алқа - 2690 тенге

Сөмке - 9900 тенге

Бұл образға қосымша тек бір ғана сақинаны таққан жөн. Ал сырға артықтық етеді. Шашыңызды түзулеп бос қоя беріп немесе қобыраңқылау етіп жинап, образға әдемі нүкте қоясыз.

Қара мен ақ, қызыл мен қара түсті үйлестіру – классика, ол сәнге мезгіл-мезгіл айналып келіп отырады. Оның үстіне көптеген бикешке жарасымды түстер үйлесімі саналады. Әйгілі Коко Шанель де қара-ақ дуэтімен жұмыс істеуге жақын еді.

Смарт кэжуал образын жұмсартатын элемент іздесеңіз, суреттегідей кішігірім, трапеция пішініндегі сөмкені таңдауға болады. Smart casual стилін дресс-код қатаң сақталмайтын жұмыс орнында да кие беруге болады.

Бұдан басқаша, свитшотты 2015 жылғы сәнге оралған мом джинспен, кең етек, әртүрлі ұзындықтағы белдемшелермен және классикалық үлгідегі қара шалбармен үйлестірсеңіз де, тамаша жарасар еді.

Суреттегі skinny jeans бір емес, бірнеше жыл бойы сәнді киім үлгілерінің қатарында. Әсіресе, джинстың балағын қайырып, аяқ киім мен шалбар арасында бір-екі сантиметр ашық қалдыру - трендтегі "әдет". Алайда, бойы қысқалау келетін аруларға жараса бермейтінін ескерген жөн. Себебі, қайырылған шалбар аяқты одан сайын қысқа етіп көрсетеді.

Суреттегідей ұзындықтағы свитшот «құмсағат», «алмұрт», «банан» пішінді аруларымызға құйып қойғандай жарасары сөзсіз. Ал «алмалар» сәл ұзынырағын «қарындаш» белдемшемен жұмысқа арналған костюм ретінде кие алады. Күн біресе жылынып, біресе суып тұрған құбылмалы ауа райында свитшоттың сыртынан алды қиғаш жабылатын қысқы былғары күртені іле саласыз.

Жасөспірімдерге өз жасына, талғамына сай, әртүрлі принтпен безендірілген свитшот пен бойфренд джинс лайықтырақ. Кезекті материалымызда бүгінде әлемде өте танымал әрі сүйікті стильдердің бірі «бойфрендке» тоқталамыз.

 ап


      Сурет: Massaget.kz

Оқи отырыңыз:

Сән әліппесі: Гардеробыңызда қандай киім болу керек?

Қысқы сән: Свитшот

Сән әліппесі: Этникалық стиль

Сән әліппесі: Преппи немесе мектеп формасын сәнге айналдыру

Ф. Абилова