- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі сән-2020: Стильді...
Көктемгі сән-2020: Стильді 3 киім
Қысқы киімдерден көктемгі киімдерге ауысатын уақыт келіп жетті. Сән апталықтары өтетін Нью-Йорк, Лондон, Милан және Париж қалаларының дизайнерлері келіп жеткен мерзімде қандай киімдер киюге болатынына көптеген идея ұсынып үлгерді. Ал street style кейіпкерлері бұл идеяларды үстіне "киіп көріп" үлгерді. Солардың ішінен стильді 3 киімді ұсынамыз.
Денимнен тігілген миди белдемше. Бұл киім жаңа маусымның деним-трендтерінің ішіндегі ең бастыларының біріне айналды. Оның артынан denim total look тенденциясы келеді. Мұндай белдемшені кеңсеге де, кештерге де киюге болады. Оны дөрекі бәтеңкемен немесе ковбой стиліндегі аяқ киімдермен үйлестіру ұсынылады. Денимнен тігілген миди белдемшені кез келген футболкамен немесе жейдемен киіп, сыртынан джинс күрткесін іліп алуға болады.
Поло. Көктем-жаз мерзімі гардеробының базалық киімдерінің бірі – поло. Бұл киім барлық мүмкін вариациясында сәнге қайта оралды. Мысалы, поло жейдені былғары белдемшемен немесе шалбармен үйлестіріңіз немесе сәнді шалбарлы костюмнің ішінен киіңіз.
Поло жейдесі туралы қызықты фактілер
Көк пиджак. Pantone түстер институты жыл түсі ретінде көк түсті таңдағанын жазған болатынбыз. Бұл түс атақты брендтер топтамасынан жиі кездесті. Мұндай көк пиджакты көктемнің суықтау күндері капюшоны бар қалың толстовкалардың сыртынан киюге, ал жылы күндері футболканың немесе мойнында банты бар жейдемен үйлестіруге болады.
А. Жапатова