Поло жейдесі туралы қызықты фактілер

Поло жейдесі туралы қызықты фактілер
Фото: Frutas Nieves

Поло жейдесі – әмбебап базалық киімдердің бірі. Ол ерлердің де, әйелдердің де гардеробынан кездеседі. Қазіргі кезде поло жейдені спорпен айналысу үшін ғана емес, күнделікті серуенге де киеді. Поло жейдесі жайлы қызықты фактілер ұсынамыз.

1. Поло жейде жиырмасыншы жылдарды пайда болды. Бұл киімді поло ойыншыларының әдемі келбетін сақтай отыра өмірін жеңілдету үшін шығарған.

2. Алғашқы поло жейделерді жұқа жүнді трикотаждан дайындап бастаған. Ол кездері бұл материал «спорттық» мата тарихында алғашқы болып саналған. Ал 1933 жылы классикалық мақта полоны атақты француз теннисшісі Рене Лакост ойлап шығарды.

3. Кең таралған Lacoste поло жейдесін шығарушы алғашқы болып оның қысқа жеңді моделін ұсынды. Жейденің бұл түрі сән нарығындағы үлкен жаңалық болды.

4. Lacoste белгісі не үшін қолтырауын болды? Нарықта бәсекелестік көбейе бастағандықтан, Рене Лакост төсіне қолтырауын белгісін салуды шешті. Ол оған америкалық БАҚ-тың берген лақап аты болды.

5. Поло жейдесі дайындалатын пике мақтасы теннис ойнауға ең ыңғайлы мата болып саналады. Сонымен қатар, бұл мата күнге күйіп қалудан қорғайды.

6. Рене Лакоста жейдесі оның бәсекелестерімен бірнеше рет өзгертілді. Солардың бірі Фред Перри болды, ол дизайнды өзгертіп, Lacoste қолтырауыны сияқты жабыстырылған емес, матаға тігілген лого жасады.

7. Lacoste жетістігін нығайту үшін америкалық президент Дуайт Эйзенхауэр оларда өндірілген поло жейдемен гольф ойнауды шешкен.

8. Поло жейдесінің дамуында Ральф Лорен маңызды рөл атқарған, ол 1972 жылы поло жейдесінің өз вариантын ұсынған. Поло жейдесінің жаңа топтамасынан соң, ол студенттер арасында кең таралды.

9. Поло жейде пайда болғаннан бастап ешқашан сәннен шықпады. Қазір де ол әмбебап киім болып саналады. 

А. Жапатова