Көктем-жаз сәні 2016: Әшекейлер

Көктем-жаз сәні 2016: Әшекейлер
Фото: amur.kz

Қыздардың сырт келбетінде, киім үлгісінде түстердің үйлесімінен бастап шаш үлгісіне дейін барлық деталь маңызды. Сонымен қатар кейпіңізді толықтыратын әшекейлердің де орны ерекше. Бүгінгі материалда 2016 жылы қобдишаңызда қандай сәнді әшекейлер орын алуы мүмкін екенін айтамыз. 

Чокер

Чокер аксессуары өзінің көсбасшылық бағытын өзгертер емес. Ол 2016 жылы да сәнде болады. Бұл жылы чокерлер әртүрлі стиль қосындысынан жасалып, барлық түрі дерлік кеңінен таралмақ. Мысалы, чокерлердің мынадай түрлері бар: этно стильдегі чокерлер, шілтерлі ретро чокер, металл чокер, т.б. Сәндік көрсетілімдерде чокердің ерекше бір түрі, тас өткізілген жіңішке атлас шарфты мойынға тартып байлау арқылы жасалған. 

Body әшекей

2016 жылы body әшекейлердің көптеген түрлері ұсыналады: дене пішінін айқындайтын жіңішке алқалар, ашық иықты жабатын темір алқа және белге дейін өрілген алқа. Body әшекейлер киім үлгісін ерекше ете түседі. Оларды бір түсті киімнің сыртынан таққан жөн.

Жемістер мен гүлдер

Жемістер мен өсімдіктер жылдан-жылға дизайнерлердің ерекше әрі әдемі киімдер шығаруына себепші болып жүр. Бұл жылы кезек әшекейлерге де жетті. Түрлі түсті гүлді білезіктер мен алқалар, тірі гүл түйнектері бар сырғалар сәнге айналып жатыр. Бұл жылдың ерекше әшекейіне ашық түсті, шын секілді жемістер бейнеленген бұйымдар жатады. Мысалы, сәнді көрсетілімдерде жарияланған қанық түсті үлкен лимон немесе мандарині бар сырғалар. 

Афро-американдық стиль

Ашық тартымды әрі көлемді афро-американдық стильдегі бұйымдар подиумдардың ғана емес, сәнқой қыздардың да жүргегінен орын тапты. Жіптерден әртүрлі өріммен өрілген, майда моншақтар өткізілген түрлі түсті жіптерден жасалған әшекейлер сәнге айналып жатыр. 

Минус 1

2016 жылдың жазында сәнде болатын трендтердің бірі  бір ғана сырға тағу. Мұндай бір ғана сырға таққан кезде, ол көлемді, этникалық стильде немесе алтын түстес металдан өрілген (мысалы, балық сүйегі секілді сырға) болғаны жөн. Бұл тренд подиумдарда көрсетіліп, танымал жұлдыздар да өздеріне сынап үлгерді. 

А. Жапатова