Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең ұзын інжу-маржанды алқа

Әлемдегі ең ұзын інжу-маржанды алқа

Әлемдегі ең ұзын інжу-маржанды алқа

Ұзындығы 222 метрді құрайтын інжу-маржанды алқа Жапонияның Осака қаласындағы көрмеде қойылды.

Мұнысымен ол Гиннестің рекордтар кітабынан ойып тұрып орын алды. Осыған дейін ешқандай да маржан алқа осыншама ұзындықта жасалып көрмепті. Әлемдегі ең ұзын інжу-маржанды алқа болып рекордтар кітабына тіркелген бұл әшекей әлемді елеңдетіп отыр. Сондықтан бүгін біз сіздерге осы алқа туралы біраз ақпарат беріп өтуде жөн санап отырмыз.

Алқаның салмағы 20 килограммнан кем емес. Осыншама ұзындыққа созылған құнды дүниені жасау үшін қанша бағалы інжу-маржан кетті десеңізші?! Сіз сұрасаңыз, біз айтайық: авторлар алқаға 28 мыңға жуық маржан тізген екен.

Жан-жақтан келіп түскен сансыз сұраныстарға қарамай, ұйымдастырушылар бұл алқаны ешкімге сатпайтынын айтуда.

Алқаны тізіп шығу үшін үш ай уақыт өткен. Енді мына қызыққа қараңыз: Ұйымдастырушылар Гиннестің кітабына еніп, әлемді дүр сілкіндірген інжу-маржанды алқаны көруге келген жергілікті тұрғындардан да, туристерден де ақша алмаған. Алқаны көргісі келген жұрт оны тамашалауға тегін кіріп-шыққан. 

Көрменің ұйымдастырушылары - Миэ префектурасының туристік қауымдастығы. 

Айта кетерлік тағы бір жайт, мұның алдындағы рекордты да жапондық зергер жасаған болатын. Әлемнің бұрынғы інжу-маржанды алқасының ұзындығы 187 метрді құраған еді. Ол Увадзима қаласында жасалған болатын. 

Маржандар Миэнің негізгі символы болып есептеледі. Олар тіпті 1964 жылы жасалған Миэнің эмблемасында да бар. Префектурада маржандарға арналған арнайы мұражай бар. 

Маржандардың әлемде 6000 түрі белгілі. Қаңқасы барлары топтанып тіршілік етеді. Ал кей түрінде қаңқа болмайды, олардың денесі цилиндр тәрізді, төменгі жағы жалпайып табанға айналған, табанымен су астындағы топыраққа бекиді. Табанының қарама-қарсы жақ ұшында ұзын жіңішке қармалауыш шоғырларымен (6 не 8 сәулелі) қоршалған ауыз қуысы бар. Көбінесе планктонмен қоректенеді. Маржандар жынысты да, жыныссыз да түрде көбейе береді. 

Көбіне маржандар ақ түсті болып келеді. Кейде олардың күлгін түстілері де кездесіп жатады. Ал кей теңіздерде маржандардың сары, жасыл, қара, тіпті көк түсті түрлері де ұшырасады. Көк түстілері сирек кездесетін маржандардың қатарын құрайды. Оның құны да тым жоғары.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: turoboz.ru, tourismmiejapan.com 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 17 сәуір 2013, 14:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.