- Негізгі бет
- Сән
- Клатч-кітап ...
Клатч-кітап
Сән әлеміне әр күн сайын бір өзгеше аксессуар қосылуда. Мәселен, Олимпия Ле Тан атты дизайнер клатч-кітапты (клатч – шағын элегантты сөмке-конверт) ойлап тапқан. Бұл клатчты ойлап тапқанда дизайнер қыздың әрі сұлу, әрі ақылды боп көрінуін назарға алған сыңайлы. Өйткені бұл сөмке кез келген аруға жараса кетеді. Жаңа сөмкені әлем жұлдыздары ұстап, бағаларын беріп үлгерді.
Клатч-конвертті қолдан жасауға да болады. Ол үшін сізге ескі кітап, мата, тігін машинасы керек. Ыңғайлы да ерекше аксессуарды ұстай отырып, сән әлемінің соңғы жаңалықтарына ілесіп жүргеніңізді білдіресіз.
Сурет: spletnik.ru, livemaster.ru
Ұқсас жазбалар:
Басты акссесуар – сөмке таңдау ережелері
10 минутта сәнді клатч жасау. Видео
М. Оңғарова