- Негізгі бет
- Сән
- Киім үлгісінде ультракүлгін...
Киім үлгісінде ультракүлгін түсті қалай қолданамыз?
Pantone түстер институты 2018 жылдың басты түсі ультракүлгін реңкін таныстырғанын айтқанбыз. Бұл батыл әрі жұмбақ түсті киімді киюге бойжеткендердің барлығы бірдей келісе бермейді, себебі ол түс бірден көзге түседі. Алайда бұл түсті ұнататын болсаңыз, оны киім үлгісінде дұрыс қолдану жолдарын ұсынамыз.
Жеке орындауда. Ультракүлгін түсті дербес зат ретінде қолданып көріңіз. Ол көйлек, жакет, туника, комбинезон немес шалбарлы костюм болуы мүмкін. Егер екпінді ультракүлгін түсті киімге беретін болсаңыз, басқа киімдерді бәсеңдетілген түсте таңдаңыз.
Қызғылт-сары түспен үйлестіру. Ультракүлгін түс қызғылт-сары түспен керемет үйлеседі. Мұндай микс көктемгі киім үлгісіне жақсы келеді.
Ультракүлгін аяқ киім. Егер киім үлгісінде тәжірибе жасағанды ұнататын болсаңыз, онда ультракүлгін түсті аяқ киімге мән беріңіз. Ол ботфорт, күдері тобықты етік немесе қайықша туфли болуы мүмкін.
Ультракүлгін топ. Мұндай түсті топтың біртүсті және шілтерсіз түрін таңдаған жөн. Мұндай топты қазір сәнге айналған клеш шалбармен немесе қара скинни джинс шалбарымен үйлестіруге болады.
Total look. Ультракүлгін түс моногамды түрде де жақсы көрінеді. Бірақ ол кезде оның әртүрлі реңкті түрлерін таңдаңыз.
Ақ түспен үйлестіру. Ультракүлгін ақ түспен де жақсы үйлеседі. Мұндай үйлесім кез келген киім үлгісінде (іскерлік, кешкі немесе күнделікті стиль) ұтымды көрінеді.
А. Жапатова