- Негізгі бет
- Сән
- Киім ойығының пішіні...
Киім ойығының пішіні мен әшекей
Кездесуге, театрға немесе мерекелік отырысқа барарда қандай әшекей тағатыныңызды білмесеңіз, қажет болатын кеңестер ұсынамыз.
Жалпы ережелер:
- Әшекей киім ойығын толықтыруы және оның пішінін қайталауы қажет;
- Жабық ойықты киімдерге де сол ережені қолданасыз, алайда алқа ойықты емес, көйлек жасаған фонды үйлесімді толықтыру керек;
- Дене пішініңіз қаншалықты үлкен болған сайын, соншалықты көлемді әшекей таңдаған жөн.
V-бейнелі ойықты киімдерге ойықты толықтыратын және ортасына екпін беретін алқа, мойынтұмары (кулон) бар қысқа алқа, мойынтұмары бар ұзын алқа және чокерлер келеді.
«Қайықша» ойығына мойынтұмары бар ұзын алқа, орташа ұзындықтағы шынжыр мен моншақ үйлесім табады.
Төртбұрышты ойықтың өзі екпін береді. Сондықтан көлемді алқаның орнына қызықты сырға немесе геометриялық пішіндегі шағын мойынтұмар тағуға болады.
Дөңгелек ойықты киімдерге чокер, ортасында ірі элементі бар алқа, моншақ, кез келген ұзындықтағы алқалар және шынжырлар жараса береді.
Терең дөңгелек ойықты киімдерге ойығын толықтыратын, пішіні дөңгелек алқалар келеді. Сонымен қатар чокерлер де жарасады.
Иығы ашық киімдерге дененің ашық жерін толықтыратын көлемді алқалар таңдау қажет.
Асимметриялық ойықтың өзі жеткілікті элемент болып табылады. Мұндай ойық мойын айналасында әшекейді қажет етпейді. Оны ерекше сырғамен толықтыруға болады.
Жейде жағасының астынан v-бейнелі ойыққа келетін барлық әшекей түрін тағуға болады.
Мойны жабық киімдерге мойынтұмары бар орташа және ұзын алқалар, орташа және ұзын моншақтар үйлесім табады.
А. Жапатова