- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы киімдерді сәнді...
Жазғы киімдерді сәнді үйлестіру
Сән әлемінде жинақылық пен қарапайымдылық трендке айналып келді. Егер таңертең жұмысқа шығарда ұзақ жиналуды ұнатпасаңыз және ықшамды үйлесімді қаласаңыз, мына топтамаға көз жүгіртіңіз.
Иығы ашық футболка + майка-көйлек
Иығы ашық киім және майка-көйлек — 2016 жылдың ең сәнді трендіне айналған киімдер. Осы екі трендті біріктіру арқылы ерекше киім үлгісін алуға болады. Егер күндіз шықсаңыз, оны кроссовкамен киіп, ал кешкілік кездесуге өкшесі бар жеңіл аяқ киіммен киіңіз.
"Күрделі" топ + джинс шалбары
Топ + джинс шалбары — бұл үйлесімнен жалықтыңыз ба? Топ үлгісінің ерекше деталі бар немесе асимметриялық ойығы бар түрін таңдап, киім үлгісін аздап "қиындатыңыз".
Иығы ашық киім + ақ шалбар
Иығы ашық киімдер барлық сәнқой бойжеткеннің жүрегін жаулап алды. Сәнді иығы ашық жейдені ақ шалбармен үйлестіріңіз. Ақ шалбар киім үлгіңізді ашық әрі нәзік ете түседі.
Көйлек + шалбар
Бұл үйлесім сәнге көктемде оралған болатын. Мұндай киім үлгісінде шалбардың ықшам, ал көйлектің керісінше кең болғаны жақсы. Бұл үйлесімге жейде-көйлек немесе этникалық стильдегі көйлектері жақсы келеді.
Иығы ашық топ + джинс комбинезон
Комбинезон — әмбебап киім, ол кез келген киіммен үйлесім тауып кетеді. Комбинезонды күндіз де кешке де киіп шығуға болады. Тағы бір сәнді үйлесім — комбинезонды иығы ашық киіммен кию.
Тұтас ақ киім (Total white look)
Ақ түс ешқашан сәннен кетпейді. Сәнге тұтас ақ түсте киіну келген болатын. Сондықтан көп ойланбай-ақ ақ түсті киімдерді бір-бірімен үйлестіріп, сәнді киім үлгісін жасаңыз.
Қарапайым футболка + миди джинс белдемшесі
Ыңғайлы әрі әдемі үйлесімнің бірі — қарапайым футболка мен миди ұзындықтағы джинс белдемшесі. Бұл үйлесім де әмбебап болып табылады, себебі оны кроссовкамен, жеңіл аяқ киімдермен немесе өкшесі бар аяқ киімдермен де кие беруге болады.
А. Жапатова