Жаз-2016: Жейде-көйлектер

Жаз-2016: Жейде-көйлектер
Фото: pinterest.com

Жейде-көйлектер сән әлеміндегі көктем-жаз маусымының басты киім үлгісі қатарын құрайды. Бүгінгі жазбада осындай үлгіні қандай киімдермен жарастырып киюге болатынын таныстырамыз.

Ең бастысы бұл киімнің әмбебап екенн айта кеткен жөн. Жейде-көйлекті өз гардеробыңызға ала барғанда бір оқпен екі қоянды атасыз: бірде жейде, бірде көйлек етіп жарастырып киюге болады.

Бұл үлгіні жұмысқа, серуенге киюге болады. Жұмысқа киіп барсаңыз, ұзын желетке және лофермен киіңіз: сәндірек көрінеді.

Ал серуенге, достармен кездесуге барсаңыз, кроссовкамен, оверсайз немесе бомбер күртешелермен киюге болады.

Г. Берік