- Негізгі бет
- Сән
- Жас түлектер мектеп...
Жас түлектер мектеп бітіру кешіне анасының көйлегін киюді сәнге айналдырды
Алда мектеп бітіруші түлектерді салтанат кеші күтіп тұр. Осыған орай қыздар салтанатты шараға киетін көйлектерін де дайындап жатыр. Америкада мектеп бітіру кешіне анасының көйлегін кию үрдісі сәнге ене бастады. Элли Джонсон есімді америкалық жас түлек мектеп бітіру кешіне өз анасының бұрынғы көйлегін кию шешіміне келген. Огайоның 18 жастағы тұрғыны Элли анасы 22 жыл бұрын мектеп бітіру кешінде киген көйлекті киіп шыққан. "Қызық үшін көйлекті киіп көрдім. Көйлекті бірден ұнаттым. Достарым бұл көйлекті анамның кигеніне таңырқады", - дейді Элли журналистерге берген сұхбатында.
Элли Джонсон (оң жақта) анасы киген қара түсті кешкі көйлекпен
Америка аруларына бұл жаңашылдық ұнаған сыңайлы.
Майя Розенберг (оң жақта) те анасының көйлегін киюді жөн көрген.
Джоди Скотт (сол жақта) болса, өз көйлегін қызына сақтап қойғанына қуанады екен.
"Сән араға жылдар салып айналып келеді". Екі суретте де бір көйлек, анасы мен қызы.
Бұл тренд Қазақстанға тарала ма, жоқ па, қалай ойлайсыздар?
М. Оңғарова