Мектеп бітіру кешіне дайындық

Мектеп бітіру кешіне дайындық

Еліміз бойынша мектеп бітіру кеші 21 маусым күні болады. Қазірде жас түлектер қызу дайындық үстінде. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Жібек те маңызды кешке дайындалуда.

Жібек – Алматыдағы 165-ші физика-математикалық мектептің түлегі. ҰБТ, мемлекеттік емтихандарды өткеріп, енді өміріндегі алғашқы салтанатты кеш мектеп бітіру кешіне дайындалып жүр. 

"Мектеп бітіру кеші үйлену тойы сияқты өмірде бір-ақ рет болатыны рас. Бірақ оған ерекше дайындалып жүрмін деп айта алмаймын. Маған дайындыққа қарағанда, сол кештің өзі қызық. Кештің мақсаты – достарым, сыныптастарым, ұстаздарым мен ата-анаммен бірге мектеп бітіргенімізді тойлау деп ойлаймын," – дейді Жібек.

Алайда дайындықсыз кеш ойдағыдай өтпейді. Бірінші кезекте сәнді, салтанатты көйлек таңдау сұрағы тұр. Сөзді кейіпкеріміздің өзіне берейік.

– Алматыдағы "Адем", "Әл Фараби" "Silk Way City" және тағы да басқа көптеген дүкендерді аралап, ойдағыдай көйлек таппадым. Бағалары тым қымбат, маталары сапасыз. Қысқасы өмірдегі тұңғыш салтанатты кешке бұндай көйлекті қаламас едім.

Көмек жақыннан келді. АҚШ-та тұратын туған ағам бізге жергілікті сайттардың сілтемелерін жіберіп, "Осы жерден қалағаныңды таңда," – деді. 

Таңдау жасауға анам көмектесті. Бір айтарым, интернет арқылы көйлек таңдаған өте қиын. Ол шын өмірде қалай боларын нақты білмедік. Өлшемдері де дәл келетіндігіне күмәніміз болды.

Таңдаған көйлекті ағам АҚШ-тан беріп жіберді. Көйлектің өлшемі дәл келді, тігістері дұрыс, ал матасы өте сапалы болып шықты. Көйлек ойдағыдай болды. Айтпақшы, бұл көйлекке жеңілдік болған және жалпы АҚШ-тың жергілікті сайттарында киімнің бағасы арзан. Соның арқасында көйлекті Алматыдағы көйлектерден 2 есе арзанға алдық.

Ағам көйлекпен бірге маған мектеп бітіруге сыйлық ретінде білезік беріп жіберді. Ағама әбден риза болдым.

Келесі кезекте аяқ киім.

Аяқ-киімді көйлектің түсіне үйлестіріп алдым. Алматыдағы көптеген дүкендерді аралап, соңында ALDO дүкенінен осындай туфли таптым.

Ұзын көйлек әрине әдемі, бірақ түні бойы ондай көйлекте жүре алмайсың. Сондықтан сыныптағы құрбыларыммен екінші көйлек киюді шештік. Сонымен бірінші салтанатты көйлек – аттестат алу шарасына, ал екінші қысқа көйлек – би мен отырысқа арналады.

Ендігі кезек мінсіз шаш сәні мен макияжда.

Бұндай маңызды тапсырманы мамандарға қалдырдым. Өзімнің жиі баратын сұлулық салонына 21-і күніне макияж бен шаш сәнін жасатуға жызылдым. Бір-екі күнге кешіксем, тіпті бос орын қалмас еді.

Сұлулық салонындағы шаштараз бен визажиспен алдын ала сөйлесіп, келісіп алған жөн.

Мінсіз бейне үшін ұсақ-түйектерді таңдау қалды.

Дайындығым әлі де бітпеді. Ені сырға, сақина мен қолға ұстайтын сөмке алу керек.

Жібек сияқты барша түлектердің мектеп бітіру кешіне дайындықтарын ойдағыдай тәмамдап, кешті жақсылап өткізулеріне тілектеспіз.

Жібекпен бірге мектеп бітіру кешіне дайындалған: Сания Аринова

С. А