- Негізгі бет
- Сән
- Жаңа тренд: екі...
Жаңа тренд: екі сөмкені қатар ұстау
Фото:
look.com.ua
Қыз-келіншектер тұтынатын заттың саны көп. Сондықтан бір сөмкеге керек-жарақтың бәрін сыйдыру мүмкін емес. Көлемі үлкен сөмке бұл мәселені шешкендей еді. Жақында дизайнерлер бір емес, екі сөмкені қатар ұстау трендін ойлап тауып, қыздарға әрі сәнді, әрі ыңғайлы әдіс ұсынды.
Бұндай сөмкені бір қолмен де, екі қолмен де ұстап жүруге болады. Кешкі отырысқа ұстауға арналған сөмкені қарапайым сөмкемен бірге ұстап, ерекше образ қалыптастыра аласыз. Бұл трендті әлемге әйгілі жұлдыздар қызу қолдауда.
Р. Роза