Forbes: Ең бай модельдер

Forbes: Ең бай модельдер
Фото: vk.com

Forbes журналы кезекті рейтингін ұсынды. Бұл тізім қазіргі таңда атағы мен ықпалдылығы жағынан киноактерлер мен әншілерге дес бермейтін сән әлемінің сұлуларына арналды.

Сонымен, 2017 жылдың ең бай модельдері кімдер?

Осыған дейін 14 жыл қатарынан бұл тізімді бразилиялық жұлдыз Жизель Бюндхен бастап келген болатын. Forbes журналы тізімінде 2002 жылдан бері кірісі бойынша Жизельге жететін модель болмады. Ал, биылғы рейтингтің жөні бөлек. Себебі, 22 жасар Кендалл Дженнер $22 миллион табыспен қалыптасқан жүйені өзгертіп, алғашқы сатыдан көрінді. Кендаллдың инстаграм парақшасына 85 миллион адам тіркелген. Бұл оған жарнамалық жазбаларға ұсыныстардың көп түсетінін аңғартады. Estée Lauder, La Perla мен Adidas сынды атақты компаниялармен келісімшартқа отырған. Тынымсыз еңбектенетін жас жұлдыз күнделікті жұмысымен қоса, отбасылық реалити-шоуға түсіп, сіңлісі Кайли Дженнермен жаңа бренд құрып үлгерді.

Жалпы, тізім төмендегідей рет бойынша шығарылды:

1. Кендалл Дженнер — $ 22 миллион

2. Жизель Бюндхен — $ 17,5 миллион

3. Крисси Тейген — $ 13,5 миллион

4. Адриана Лима — $ 10,5 миллион

5. Роузи Хантингтон-Уайтли — $ 9,5 миллион

6. Джиджи Хадид — $ 9,5 миллион

7. Карли Клосс — $ 9 миллион

8. Лю Вэнь — $ 6,5 миллион

9. Белла Хадид — $ 6 миллион

10. Эшли Грэм — $ 5,5 миллион 

А. Оралқызы