Супермодель Жизель Бундхен қыз босанды

Супермодель Жизель Бундхен қыз босанды

Атақты модель Жизель Бундхен қыз босанды, деп хабарлайды The Daily Mail.

Айта кететін болсақ, 32 жастағы Бундхен мен 35 жастағы күйеуі, футболшы Том Брэди (Tom Brady) қыздың атын Вивиан (Vivian) деп қойып отыр. Және бұл дүниеге келіп отырған екінші балалары. Жарасымды жұптың отбасында бұдан бұрын да, дәлірек айтсақ, 2009 жылы Бенжамин атты  ұл бала дүниеге келген болатын.

Сән әлемінде табыс көзі жағынан ең бірінші орында тұрған Бундхен мен "New England Patriots" командасының квотербегі Том Брэди екеуі 2006 жылдан бастап кездесе бастапты. Араға үш жылды салып барып  үйленген.

Қоса кетсек, жақында Жизель әлемнің ең бай моделі есепті Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бүгінгі таңда қазына-мүлкі 150 миллион доллардан асып түседі екен.

Сурет:spletnik.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига