- Негізгі бет
- Сән
- «Беу, қыздар-ай» байқауы:...
«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #8
Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты бұл істі қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.
Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Бүгінгі шығарылымдағы аруларымыз — Ұлдана Аманжолқызы және Ақерке Сиратоллина.
Ұлдана Аманжолқызы — Атырау қаласы, Жұмыскер ауылының тумысы. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Баспа ісі және дизайн" кафедрасы дизайн мамандығы бойынша 1-курс студенті. Бос уақытында сурет салғанды, музыка тыңдағанды және корейлік кинолар қарағанды ұнатады. Романтикалық стильдегі киімдер таңдайды. Болашақта әйгілі дизайнер болуды армандайды.
Ақерке Сиратоллина — Атырау облысы, Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Қазір 11-сыныпта оқиды. Болашақта тілші болуды армандайды. Мектеп бітірген соң Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі Журналистика факультетіне түсуді жоспарлап жүр.
Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылы 6 қарашаға дейін суреттеріңізді Massaget.kz@gmail.com поштасына «СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ» деген тақырыппен жіберу қажет.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com
Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.
А. Жапатова