Белдемшені аяқ киіммен үйлестіре аласыз ба?

Белдемшені аяқ киіммен үйлестіре аласыз ба?
Фото: coffeeblooms.com

Киімді үйлестіре кие білу де өнер. Қыз баласының киімі бойына, болмысына жарасуы – тәрбиесі мен мәдениетінің көрінісі. Әсіресе белдемшелер, көйлектер қыздардың өңін ашып, көрік беріп тұрары анық. Көйлектің не белдемшенің ұзындығы мен аяқ киімнің түрі бір-бірімен үйлесіп, үндесіп тұрғаны дұрыс. Сол үшін сіздерге мынадай кеңес береміз.

1. Бел ортасынан басталатын белдемшелер

Мұндай белдемшелер қонышы кең етіктермен, биік өкшелі туфлимен және балеткамен әдемі жарасым табады.

2. Тізеге дейін келетін етектер

Ал бұндай белдемшелерді көбіне классикалық үлгілдегі туфлимен, платформалы босоножкамен, балеткамен киген абзалырақ.

3. Тізеден төмен тұратын белдемшелер

Егер тік белдемше тізеден төмен тұратын болса, платформа немесе биік өкшелі етікпен киюге болады. 

4. Миди

Ол кең етекті, тізеден төмен тұрады. Бұл етекпен классикалық үлгідегі туфли жарасып-ақ кетеді. Балетка немесе өкшесіз аяқ киіммен үйлеспеуі мүмкін.

5. Макси

Өте ұзын белдемшелер платформа өкшелі ақя кимідермен үйлеседі. Жазда платформалы босоножкамен, күз-қыс мезгілдерінде платформалы етіктермен киген абзал.

Г. Берік