Күзгі сән-2015. Бүрмеленген белдемше

Күзгі сән-2015. Бүрмеленген белдемше
Фото: plus.google.com

2014-2015 жылдардың жылы кезеңін бүрмеленген белдемше жаулап алды. Өткен жылғы бүрмеленген белдемшенің ұзындығы макси болса, биылғы күзде оны әртүрлі ұзындықта киюге болады.

Қысқа, миди, макси, еденге жететін ұзындықтағы бүрмеленген белдемше кез келген аруға жарасымды. Өзіңізге ұнамдысын таңдап, түрлі шараларға, кездесуге киіп бара аласыз. 

Бүрмеленген белдемшені күзде кию жазда кигеннен бөлек. Егер жазда сіз жеңіл, жіңішке топ, жейдемен киетін болсаңыз, күзде кофта, қалыңдау жейде, жемпірмен киесіз.

Бұл суреттегі үлгі жазғы образды еске түсіреді. Ашық түстер, жеңіл романтикалық стиль - 2015 жылғы жаз маусымының көшбасшысы. Дегенмен күздің басында бұл образ актуалды болары сөзсіз. Сондықтан макси белдемшесін жеңі бар кофтамен үйлестіріп киюіңізге болады.

Бұл нағыз күзгі образ деп айтуға болады. Етегі ұзын, кең белдемше мен қалыңдау жемпір тамаша үйлесімін тауып тұр. Қарапайым образды сәнді етіп тұрған элемент - белдемше түстес белдік. Осы образды қайталап, өз қалауыңызбен алқа таңдап, кеңсеге, оқуға, кездесуге бара аласыз.

Бұл - смарт кэжуал стиліндегі образ. Ақшыл түсті бүрмелеген белдемше, реңктес жемпір мен жеңіл пальто кез келген аруды байсалды, салмақты, сәнді әрі нәзік етіп көрсетеді. 

Егер жазда бүрмеленген белдемшені кез келген ұзындықта кие беруге болса, күз маусымында мейлінше ұзынын таңдаған жөн.

Сізге образдар ұнады ма?

Ф. Абилова