- Негізгі бет
- Сән
- Балеткаларды жазда немен...
Балеткаларды жазда немен киген дұрыс?
Балеткалар – өте ыңғайлы, әрі әмбебап аяқ киім. Әсіресе олар жаяу көп жүретін күндері құтқарады. Шаруаларыңыздың көптігі сіздің сұлулығыңызға әсер етпеуі керек. Балеткаларды жазда немен үйлестіріп киген дұрыс?
Тар джинсы шалбарымен
Тар джинсымен киілген балеткалар аяғыңызды ерекше нәзік қылып көрсетеді. Мұндай үйлесімділік көп арулардың күнделікті бейнесі. Ерекшелену үшін жазда жарқын түсті жейде мен аксессуарлар таңдаңыз.
Түрлі түсті шалбармен
Жазда жарқын бейне жасау үшін балеткаларыңызды түрлі түсті шалбармен киіңіз. Шалбарыңыз тым көзге түсерліктей түсті болса, балеткаларыңыздың түсі бейтарап: ақ, қара, қоңырлау болсын. Ал түсі ашық шалбарларға керісінше түрлі түсті балетка таңдаңыз.
Көйлекпен
Әсем көйлекпен киілген балеткалар сізді нәзік қылады. Бұндай бейненің ыстық жазда өте ыңғайлы болатыны да сөзсіз. Балеткалармен тек ойнақы қысқа көйлектер ғана емес, ұзын балақты көйлектерді киюге әбден болады.
Шортымен
Тағы да бір жазғы бейне: шортымен киілген балеткалар. Осы үйлесім арқылы аяқтарыңыздың сұлулығын көрсетіп, жарқын бейне жасай аласыз. Аяқты ұзынырақ көрсету үшін сары-қоңыр түсті балетка таңдаңыз.
Белдемшемен
Балеткалар қысқа, балағы кеңірек келетін белдемшелерімен мінсіз жарасады. Алайда қысқа түзу түрлерімен де үйлеседі. Айта кетсек, өкшесі биік аяқ киіммен киілген мини-белдемше дөрекілеу көрінуі мүмкін, бірақ дәл сол белдемшемен балетка кисеңіз, бейнеңіз мүлдем басқаша болмақ.
Ал сіз балетка киесіз бе?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: aulita.ru, vip-nn.ru, ileen.ro
С. А