Айдай Исаева "Жаһан Аруы - 2014" байқауында ел намысын қорғайды

Айдай Исаева "Жаһан Аруы - 2014" байқауында ел намысын қорғайды

"Қазақстан Аруы - 2013" Айдай Исаева "Жаһан Аруы - 2014" байқауына қатысу үшін  АҚШ-тың Майами қаласына келді. 

Әзірге әлемнің әр түкпірінен келген сұлулар сынына қатысушылар байқауға қызу дайындық үстінде. Айдай инстаграмдағы ресми парақшасын жиі жаңартып, оқырмандарын әлемдік байқау барысымен тұрақты түрде таныстырып отыр. Сондай-ақ өзін қолдаған жандарға алғыс айтты. 

Қазақстанның ең сұлу аруы "Ресей Аруы" Юлия Алиповамен бір бөлмеге түскен. 

Айдай әлемдік додада отандық дизайнерлер Аида Қауменова мен Найль Байкучуков ұсынған киіммен өнер көрсетеді. Бір сұхбатында "Қазақстан Аруы - 2013" осы додада "әлемнің үздік он аруының қатарына кіруге тырысатынын" айтқан болатын.

"Жаһан Аруы - 2014" осы жылдың 25 қаңтарында өтетін ақтық сында белгілі болады. Байқау барысы 200 елде тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарлануда. 

Естеріңізге сала кетейік, Айдай Исаева 1989 жылдың 19 сәуірінде Шымкентте дүниеге келген. №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназияның түлегі С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған. Бүгінде отбасы дәрігері болып жұмыс істейді. 

Отандасымызға сәттілік серік болсын!

Оқи отырыңыз:

"Қазақстан Аруы" байқауына қатысу қанша тұрады?

2009–2013 жылдары "Қазақстан Аруы" тәжін киген арулар

"Қазақстан Аруы – 2013" Айдай Исаева "Жаһан Аруы – 2014" байқауына дайындық үстінде

Сурет: instagram.com/aidayissaeva, s1.zetaboards.com

Р. Роза