Аша Матай сән әлеміне келді

Аша Матай сән әлеміне келді

Актриса, әнші әрі жүргізуші Аша Матай Малика Усупованың Malique атты әйелдерге арналған киімдерінің таныстырушысы атанды.

Бұл салаға жаңадан қосылған Малика Италияда жүріп Валентин Юдашкин, Денис Симачев сынды дизайнерлерден білім алған. Өзінің алғашқы топтамасын Қазақстан сән апталығында ойдағыдай таныстырды.

Қазақстан сән апталығында жаз мезгіліне арналған заманауи топтамасымен көзге түсті. Малика Усупова жүргізген қойылымды күлгін белдемше мен кеудеше киген Аша Матай ашты. Белгісіз матадан жасалған аяқ киім мен түрлі-түсті киімдерге отырған дизайнерлер тәнті болды.


- Аяқ киім дайындау үшін жұқа киізді пайдаландық. Бұл сән апталығында ешкім күтпеген тосын сый болды. Және де Ашаға маған көрсеткен көмегі үшін ерекше ықыласымды білдіргім келеді. Ол менімен бірге отырып екі аяқ киім тігісуге көмектесті. Алматының сәнқой қыздары менің белдемшелерім мен көйлектерімді ұнататындығына сенімдімін, - дейді Малика.

- Мен де өз кезегімде Маликаға алғысымды білдіремін. Ол менің ішімде бұғып жатқан талантты ашты. Қиналған жылдары жұмыссыз қалмайтынымды жақсы білемін. Қажет болса, заманауи етікші боламын! – деп күлді Аша Матай.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөзі: sezon.kz

Сурет: meloman.kz

Қ. Бүйенбай