Cәрсенбідегі сән: "Street style" образы

Cәрсенбідегі сән: "Street style" образы

"Сәрсенбідегі сән" жобасының төртінші образының кейіпкері - Маржан, студент. Бүгін аруымыз сіздерге "Street style" образын таныстырады. 

Аксессуарлары:

Оверсайз стиліндегі пальто − Stradivarius, бас киім − Bershka, жейде − I love H81 (Californian brand), шолақ шалбар − Mango, қысқа қонышты етік − Zara, ранец − KOTON, сақиналар − Stradivarius.

"Өзімді сәнқой қыздардың қатарына жатқызбаймын. Шопоголик емеспін, тек қажетті киімді ғана алуға тырысамын. Нағыз джинсофилмын. Киім таңдауда түсті басты назарда ұстамаймын. Бірақ, киімдерімнің көбі ақ, көк, күлгін,  қара түсті болып келеді екен. Соған қарағанда, автоматты түрде сол түстерді таңдайтын сияқтымын. Көбіне Zara, Mango, Topshop, Stradivarius брендтерінің өнімдері көңілімнен шығады. Күнделікті киетін киіміме аса қатты мән бермеймін. Асығып, үлгермей жатсам, қолыма ілінгенін киіп кете беремін. Бастысы, стиль мен сәнді ажырата білу керек деп есептеймін", − дейді Маржан.

Бұл арудың таңдаған бүгінгі образы шетелде күнделікті стиль түріне жатады. Елімізде қарқынды дамып келе жатқан бұл стиль үлгісін қабылдай білуіміз керек. Маржанның басындағы үшкір төбелі бас киімі, пальтосы, сол түстегі жұқа колготкасы және етігі қыздың бойын сұңғақ етіп көрсетіп тұр. Негізінде, қалың өкшелі аяқ киім жайлы мақтау айтпай кетуге болмайды. Себебі, бұл студент, оқушы, жұмыс істейтін қыз-келіншектер үшін нағыз лайық аяқ киім. Ол тез жүруге, жүгіруге өте ыңғайлы, әрі денеңізді түзу ұстап жүруге көмектеседі. Сұлуымыздың тізесінен сәл төмен түскен пальтосы оның бейнесін ұяң және жұмбақ етіп көрсетеді. "Street style" жастарға арналған, әлем мойындаған стильдердің бірі!

"Сәрсенбідегі сән" жобасының бұл соңғы образы. Үздіктердің ішіндегі үздік образды таңдайтын – сіздер, құрметті оқырман!

Автор: Фариза Әбілова

Сурет: ©Мейіргүл Оңғарова

Сәрсенбідегі сән: "Этникалық детальды заманауи образ"

Сәрсенбідегі сән: "Еркін офистік образ"

Сәрсенбідегі сән: "Табиғи образ"

Ф. Абилова