Маусым хиті: Карго шалбарды қалай кию керек?

Маусым хиті: Карго шалбарды қалай кию керек?
Фото: www.thezoereport.com

Біз сізге жаңа маусымның ең сәнді шалбарын стильді көріну үшін немен үйлестіру керегін айтамыз. Әскери стильдегі кең шалбар актуалдығын жоғалтпайды, себебі ол ыңғайлы. Десе де оны ұтымды үйлестіре білу маңызды. Сізге сәнді көрінуге көмектесетін бірнеше комбинация ұсынамыз.

Дұрыс топ таңдау

Карго шалбарының тарихы бірнеше кезеңнен өтті. Түрлі киіммен үйлестірілді. Десе де солардың ішінен денеге қонымды тұратынын таңдаған дұрыс. Себебі бұл киімнің үлкен қалталары мен кең силуэті аяқты ірі етіп көрсетеді. Үстіңізге жинақы топ таңдау арқылы сіз беліңізді сымбатын айқындайсыз. Дене бітіміңіз құмсағаттай көрінеді. Нақты ұтымды нұсқаларды атап өтейік:

Жағалы трикотаж жемпір, водолазкалар, поло.

Мұндай комбо бейнеңізге ретро вайб сыйлайды. Қай-қайсысы да жараса кетеді.

Жейде. Бір қарағанға екеуі мүлдем жараспайтын іспетті. Көзге елестету де қиын. Бірақ эклектизм трендте, сондықтан классикалық және монохромды жейдемен біріктіру кескінді іскерлік ортада өзекті және орынды етеді. Аксессуарлар киімнің сәнін арттырады: мұқият таңдалған белбеу белге ерекше назар аудартады.

Кроп-топ. Соңғы маусымдардың хиті карго шалбарымен жақсы үйлеседі: осы комбинациямен киінген адам заманауи және талғампаз көрінеді. Бірақ жұмсақ, жұқа матадан жасалған үстіңгі киімдерді таңдауыңыз керек. Әйтпесе, үстіңгі жағы астыңғы жағындағыдай үлкен болып көрінеді.

Селдір блузка. Егер сіз романтикалық стильде киінгенді ұнататын болсаңыз, онда бұл бейнеңізді жұмсақ және нәзік ету үшін тамаша мүмкіндік. Сәнді көріну кілті тағы да матаның нәзіктігінде.

Белі жинақы жакет. Силуэтә тік және үлкен өлшемді модельдер әлі де танымалдықтың шыңында, бірақ белі жинақы жакеттер каргомен керемет жарасады. Сіз ойлағандай мұндай сырт киім тек классикалық шалбармен немесе қарындаш юбкамен ғана жарасады деген пікір қате. Ескірген схемалардан алыстаған жөн.

Дұрыс аяқ киім таңдау
Карго шалбары мартинстер, тиберлендтер, кроссовкалар мен кроссовкалар сияқты спорттық аяқ киімдермен ғана ассоцияцияланады. Бірақ үйреншікті образ шекарасында қалудың қажеті жоқ, өйткені біз ұсынатын комбоның аяқтарды визуалды түрде ұзарта алатын, фигураға үйлесімділік беретін қасиеті бар.

Тақалы аяқ киім. Көпшілік үшін бұлар түрлі операдан алынған, мүлдем жараспайтын дүние секілді көрінуі мүмкін. Бірақ қазір ол сәннің шыңы екені рас.

Элегантты ботильондар. Бұл таңдау біршама консервативті. Ол силуэтке үйлесімділік пен әсемдік береді.

Танкеткалар. Ең бастысы, тақасы тым массивті болмауы тиіс.

А. Оралқызы