Киімнің бағасы емес сапасына қараңыз

Адам көркі – шүберек. Адам қанша ғасырлар бойы түрлі үлгіде шығып келе жатқан киімдермен киініп, сәндеп келеді. Бұл қалыпты қоғамдық құбылыс. Дегенмен киімді таңдай білмейтіндер және бағасына аса мән беретіндер бар. 

Жаңа трендпен киіну міндетті емес 

Осы жылдың жаңа үлгідегі киімдері шығып жатыр деп дүкенге сабыла бермеңіз. Қалтаңыз көтермесе қарапайым киім алып киіңіз. Ең бастысы ол киім сіздің ажарыңызды ашу керек. Сол кезде ғана ол сіздің көркіңізге сай шүберек болары анық.

Ақшасына қызығып мастанудың қажеті жоқ 

Бір Алматы қаласының өзінде түрлі қымбат дүкендер бар. Соның алды «Мега» дүкендерінің желісі болса бірі көше бойында ашылып жатқан фирмалық дүкендер. Одан қала берді «Көк базар» сынды ашық далада орналасқан базарлар бар. Бірақ біз қымбатқа жүгіреміз. Яғни қымбат дүкендер сапалы киімдер сатылады деп ойлаймыз. Әрине, бұл бір жағынан шындық. Дегенмен бір нәрсені ескеріңіз, сырттан кіретін киімдердің барлығы дерлік белгілі бір фирмалардан тарайды. Оның ақшасы көбінесе сапасына қарай емес, дүкеннің ай сайынғы жалға төлеп отырған ақшасына қарай өсіп отырады. 
Мәселен көше бойында тұрған дүкендерден сіз 60 мың теңге көлемінде костюм алуыңыз мүмкін. Дәл сол костюмді базардан немесе «Мега» орталықтарындағы арзан бағалы дүкендерден 35-40 мың теңге көлемінде таба аласыз. 
Егер ақсүйектер секілді киінгім келеді десеңіз, байлар қымбат киім киюді ұната бермейді, осыны ұмытпаңыз. Себебі олар үшін маңыздысы киімнің адам бойына шақ келуі және әдемі тұруы. 

Егер қымбат бағадағы киім алсаңыз мынаны ескеріңіз: 

– Бойыңызға шақ келсін; 
– Сізге жарасып тұрсын; 
– Ұзақ кию үшін күтіп киіңіз; 
– Қымбат екенін елге жария етудің қажеті жоқ; 
– Аспандап тұрған бағадағы киміңізді қарапайым дүкендерден тура сол фирмада көріп қалсаңыз таң қалмаңыз; 
– Киімнің сапасына жіті мән беріңіз: матасы, тігісі, фирмасы деген секілді дүниелерге мән беріңіз.