Көйлектер жанады

Көйлектер жанады
Фото: boredpanda.com

"Қатігез ойындар" ("Голодные игры") кино-эпопеясының басты кейіпкері Китнисс Эвердин әр кезеңде адамзат баласының ойына келмеген көйлек киіп шығады. Енді бұл көйлек шынымен де сән әлеміне жаңалық боп еніп отыр. Apple компаниясының көмегімен дайындалған бұл көйлектің авторы – Зак Позен есімді америкалық дизайнер.

30 мини-аккумулятордан құрастырылған таңғажайып көйлекті кию актриса Клэр Дэйнске бұйырыпты. Кеше Нью-Йоркте Өнер институтында өткен сән көрмесінде ғажайып көйлектің тұсауы кесілді.

Г. Берік