Ертегі әлеміне өз көйлегімен енген ару

Нью-Йорктегі Лонг-Айленд қаласының тұрғыны он сегіз жастағы Ангела Клейтон - тігінші қыз. Ол өзі ұнатқан мультфильм кейіпкерлерінің көйлектерін тігеді екен. Ол бұл істі осындан үш жыл бұрын бастаған. "Бұған себеп болған мультфильмдердегі әдемі ханшайымдар" дейді өзі. Бір көйлекті жасау үшін 250 сағат жұмсайды екен.

Көйлегінің түсіне сәйкес 11 метр матаны ине мен жіптің құзырына бергенде мынадай ғажайып көйлектер пайда болған.