Күзгі сән-2015. Бермуд шолақ шалбары

Бір қарағанда бермуд шолақ шалбарлары туристік сапарларға арналғандай көрініп, кигіміз келмейді. Десе де биыл оның сәнде екенін ұмытпаңыз. Ең алдымен, аталған шолақ шалбарлардың шығу тарихына тоқталып өтейік. 

Бермуд шолақ шалбарлары ХІХ ғасырда пайда болған. Олар тропиктік аймақтағы елдерді отарлап жүрген ағылшын әскеріне арнап тігілді. Күннің ыстығында сарбаздарға еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Денеге жабысып тұрмайтындықтан, ауаның теріге еркін өтуіне жағдай жасады. Қысқа болса да, теріні түрлі жарақаттан қорғады.

Классикалық бермудтер табиғи маталардан тігіліп, ұзындығы тізенің жоғарғы жағына дейін жетеді. Арнайы әскери белдіктің көмегімен ұсталып тұрады.  

         

 

Бұл шалбарлардың аты Бермуд аралдарымен тікелей байланысты. ХІХ ғасырда осы аралға ағылшын десанты барған екен. Жергілікті тұрғындар оның бермуд шолақ шалбарына қызығып, оны күнделікті тұрмыста кие бастайды. Уақыт өте келе бермуд шалбарларын тігетін фабрикалар ашылып, артынша іскерлік киімге айналады. ХХ ғасырдың басында арнайы осы шолақ шалбарларды сататын дүкендер ашылады. 1920 жылы көршіміз Ресей еліне, артынша бізге келеді.  

         

 

Әдетте фланель матадан тігіледі. Ұзындығы тізеге дейін жетеді. 

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң бермуд шолақ шалбарларына деген сұраныс күрт азаяды. Оны тігуші дизайнерлер сыртқы пішінін өңдеп шығады. Ішінде «Trimingham Bros» маркасы шығарған бермуд шалбарлары сұранысқа көптеп ие болады.

Бүгінгі таңда бермуд шалбарларын әйелдер де ерлер де қатар киеді. Ол кеңсеге де, көкке шыққан уақытта да жарайды.

Күз және жаз маусымдарында Қазақстанның көп аймағында ауа райы жылы болады. Осындай шуақты күндерде ыстықтатпайтын жеңіл киімдер кигіміз келеді. Осындайда терлетпейтін бермуд шалбарларынан артығы табылмас.