Көктемгі сән: Спорттық стиль

Көктемгі сән: Спорттық стиль

Спорттық стиль бүгінде әрбір адамның гардеробынан табылады. Себебі бұл стиль киімдері ыңғайлы ғана емес, сәнді де. Сондықтан оған көңіл бөліп, трендтегі киімдермен жаңалап отырғаныңыз абзал.

Спорттық стильдің негізін олимпийка, трико, кроссовкі не кеды құрайды, аталған стиль әр маусым сайын әртүрлі киіммен толықтырылып тұрады.

Бұл стильдегі киімдерді "Достық Плаза" кешеніндегі Promod дүкенінен таба аласыз.

Мысалы, өздеріңіз көріп отырған суреттегідей: свитшот, джинс және слиперді киюге болады. Сәнбике қызымыз образды сәл жұмсарту үшін свитшоттың оюы бар түрін таңдаған. Осындай түрлі принт те биылғы маусымның үлкен жаңалығының бірі. Дәл осы қалыпта құрбыларыңызбен кездесуге, weekend күндері дүкен аралауға не саябақта қыдыруға әбден болады. Таза ауаға шыққанда күннен қорғайтын көзілдірігіңізді үйде ұмытып кетпеңіз.

Свитшот - 11990 теңге

Свитшотты бұдан басқа джинсты макси, миди кең етек белдемшемен алмастырып, дресс-код сақтамайтын жұмысқа, қонаққа, өзге де ресми емес шараларға аттана аласыз. Себебі слиперді Smart casual стилінде кию трендте.

Джинс шалбары - 12990 теңге

Суреттегідей джинс шалбары жаңа үлгіде тігілген. Жыртықтар, қалтасын сыртқа шығарып қою, жамауы бар джинс шалбары спорттық, хиппи стильдеріне жатады. 

ХІХ ғасырда Ангиядағы ақсүйектердің аулаға қыдыратын аяқ киімі болған слипер біздің заманымызда қиялы қияға самғайтын дизайнерлердің арқасында сәнді аяқ киімге айналды. Слипер балабақша бүлдіршінінен бастап, зейнеткерге дейін киетін болғандықтан, үлкен сұраныста. Тек белгілі бір киімдермен үйлесетінін ұмытпаңыз. Мысалы, «қарындаш» белдемшемен үйлеспейді. Сондай-ақ слиперді қысқа шалбармен не шалбардың балағын қайырып киетіндіктен, тобығы жуан бикештерге жараспайды.

Слипер - 9990 теңге

Суреттегідей қара слиперді кең етек қара белдемшемен, кіршіксіз ақ блузамен де үйлестіруге болады. Жаз күндері сәнқой аруларымыз ашық түстегі слиперді қысқа шортымен киіп шыға алады. Ал оны трикомен тек жүгіруге киген абзал.

Сурет: Ерболат Қанатбек

Көктемгі сән: Күдері күрте

Көктемгі сән: Smart casual стилі

Көктемгі сән: аруларға әдемілік сыйлаған ашық түстер

Көктемгі сән: Бойфренд стилі

Ф. Абилова