Көктемгі сән: ақ пен қараның үйлесімі

Егер жұмысқа тұру үшін баратын алғашқы сұхбаттасуға не киеріңізді білмесеңіз, суреттегідей ақ жейде мен қара шалбар киіңіз.

Мұндай киім адамға ерекше айбар, сән береді. Бұл үлгі оның талғамының жоғары, әрі жұмысқа қазір-ақ кірісуге дайын екенін көрсетеді.

Бұндай киім трендтен ешқашан түспейді, алайда жейде мен шалбардың матасы, пішімі өзгеріп тұруы мүмкін. Негізі, ақ, қара, сұр, қызыл түстегі киімдер әрбір бикештің гардеробында болуы тиіс. Бұларды трендтегі басқа бір киімдермен үйлестіріп киюге де болады.

Жейде - 9990 теңге

Шалбар - 5495 теңге

Ақ жейде классикалық стильде, суреттегідей этникалық стильде, бойфренд стилінде немесе қысқа не ұзын жеңді болуы мүмкін. Тек ол кіршіксіз ақ болуы керек. Сондықтан, бұндай жейдені таңдаған кезде төзімдісін, табиғи матадан тігілгенін алғаныңыз абзал.

Суреттегідей қара шалбар кез келген пішіндегі («алма», «құмсағат», «алмұрт», «банан») аруларға жарасады. Сондықтан, алдымыздағы демалыс күндері Алматыдағы Достық-Плаза сауда орталығындағы Promod дүкеніне жол тартсаңыз болады. Табиғи матадан тігілген мұндай қара шалбардың біреуін бағасына қарамай алып қойсаңыз, бірнеше жыл бойы сенімді түрде киіп жүре аласыз.

Әйгілі Коко Шанельдің арқасында сән индустриясында өз орнын тапқан "іскерлік стиль" әлі күнге дейін өз маңызын жоғалта қойған жоқ. Ғасырлар өтіп, қоғам дами береді, ал әйелдер қауымының гардеробынан бұл стиль ешқашан жойылмайды.

Кез келген аруды байсалды, байыпты етіп көрсететін business style образы уақыт өткен сайын аздаған өзгерістерге ұшырауда.

"Қатал" стиль әрбір аруды нәзік, кербез етіп көрсете алады. Ал ол үшін үйлесімді аксессуар таңдау керек.

Сәнді әрі сымбатты болыңыз, аяулы арулар!

Сурет: Massaget.kz

Оқи отырыңыз:

Көктемгі сән: аруларға әдемілік сыйлаған ашық түстер

Көктемгі сән: Бойфренд стилі

Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casual стилі

Көктемгі сән: Smart casual стилі