"Көпір" шаш өрімі

Қай қызға болсын, шашты жібергенмен қатар, ұқыпты жинап, өріп тастаған да жарасады. Біз сіздерге қарапайым өрім арқылы шаш үлгісін ерекше етіп көрсететін оңай әдісті ұсынамыз. 

1. Шашыңызды тарап алыңыз.

2. Шашыңызды суретте көрсетілгендей екі жағынан да бөліңіз.

3. Қарапайым үш өрім етіп өре бастаңыз.

4. Өріп отырып, кішкене шаш бөлігін қалдырып отырыңыз.

5. Жоғарыда айтылған тәсілмен шашыңыздың соңына дейін өріп шығыңыз.

6. Екінші жақ шаш бөлігіңізді де үш өрім етіп бастайсыз. 

7. Жоғарыда айтылған, қалдырып кеткен шаштарыңызды, суретте көрсетілгендей алыңыз.

8. Үш өрім етіп бастаған екінші жақ шаш бөлігіңізге қоса өріңіз.

9. Осы ретпен шашыңыздың соңына дейін өріп шығыңыз.

10. Соңында резеңкемен буыңыз. "Көпір" өрімі дайын.

Сурет: massaget.kz