Қысқы сән: қалың көйлек

Соңғы жылдары дизайнерлер қыста киетін көйлек түрлерін подуимға көптеп шығарды. Ешқашан сәннен шықпайтын классикалық материалдар: жүн, твид, барқыт, пүліш, трикотажбен бірге жаккард, күдері, сырылған көйлектің алуан түстегі түрлерін біздің аруларымыз да киетін болады.

Дизайнерлер мен стилистер "әркім қалағанын кисін" деген идеяға сүйеніп отыр. Кинестетиктер денеге жағымды да жұмсақ тиетін жүн көйлек, барқыттан тігілген көйлектердің casual стиліндегі де, кешкі мерекелерге арналған түрін де сатып ала алады.

Тоқыма көйлек свитердің өзі әр алуан: жағасы жоқ, тік жаға, қамыт-жаға. Егер жұмыс орныңыз салқындау болса, көйлектің осы түрін киюіңізге болады.

Сонымен қатар, ер адамдардың жейдесі стиліндегі көйлек іскерлік образға таптырмайтын дүние.

Ал визуалдар түрлі геометриялық, абстракциялық өрнектегі жаккард матадан тігілген көйлектерді кеңсеге де кие алады.

Алма пішінді бикештерге твид, жаккард, күдері сияқты маталарынан тігілген masculіnе стиліндегі көйлек өте жарасымды.

Сырылған көйлектер. Өткен ғасырдың 80–90-жылдары сырылған жеңсіздер, күртелер, тіпті, сөмкелер сәнде болған. Дизайнерлер осы идеяны пайдаланып, биыл сырылған көйлектер мен белдемшелерді дүниеге әкелді. Сырылған көйлектер, әсіресе, еліміздің солтүстік аймағындағы аруларымыз үшін әдейі ойластырылғандай.

Биылғы сән әлемінің тағы бір жаңалығы – аң терісінен де тігілген көйлектердің ұсынылуы. Мұндай әрі сәнді, әрі жылы көйлектерді барлық пішіндегі бойжеткендер өз дене бітіміне сәйкес тапсырыс беріп тіктіре алады. Алайда, толық денелілердің стилистермен ақылдасқаны жөн.

Ал үшбұрыш және алмұрт пішіндегілер осы маталардан басқа пүліш, барқыттан тігілген көйлектерді кие алады.

Банан пішіндегі ару кеңсеге футляр-көйлекті кисе жарасымды, ал кешкі шараға жаккард матасынан тігілген кең жаға не кең етек көйлекпен барса болады. 

Соңғы кездері ер-азаматтар көйлек, белдемше киетін әйел затының азайып бара жатқанын айтады. Көйлек пен белдемше әйел затының нәзіктігін, сұлулығын паш ететін қаруы. Сондықтан қылышын сүйреткен қыста да көйлек киіп тұруды ұмытпаңыздар, арулар!

Сурет: aliexpress.com

Оқи отырыңыз:

Қысқы сән: Свитшот

Қысқы сән: қалың тоқымалар

Қысқы сән: жағалы жемпір

Қысқы сән: бас киімдер

Қысқы сән: сырылған пальто

Қысқы сән: парка күртесі