Сапалы мектеп формысын қалай таңдаймыз?

Сапалы мектеп формысын қалай таңдаймыз?

Тез ескіретін формыдан сапалысын ажыратудың бірнеше тәсілі бар.

1. Құрамында жасанды маталардың көп болуы оның сапалылығын білдірмейді. Алайда, полиэстер мен жартылай жүн матаға назар аудару керек. Егер матаның 45%-ы немесе одан да көп мөлшері жартылай жүн матадан, жасанды жібектен жасалса, бұл – жақсы белгі.

2. Пиджак пен жилеттің 35%-ы табиғи талшықтардан құралуы тиіс. Ал астары 100% жасанды жібектен немесе табиғи талшықтардан тігілгені жөн.

3. Қыз бен ұл жейдесінің 65%-ы табиғи талшық пен жасанды жібектен тігілгені абзал. Оның неден тігілгендігі туралы сатушыдан сұрауға ұялмаңыз. Егер киім боялған жіптерден тігілсе, формальдегид сынды химиялық заттардан улану қаупі төмен болады.

Бұдан өзге, ұстаған кезде картон қағазды еске түсіретін, қатты жалтырап тұратын мектеп формыларын сапасыз деп біліңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: otyrar.kz

Қ. Бүйенбай