Ақ кеданы қалай киеміз?

Ақ кеданы қалай киеміз?

Кеда атауы 1916 жылы америкалық U.S. Rubber фирмасының шығарған өнімі Keds атынан шыққан. Алғашқы кезде тек спорттық киім ретінде шыққанымен, кейіннен күнделікті өмірде бейресми адамдардың гардеробына енген аяқ киімдердің бірі саналады. Бұл кедалар жастар арасында кең тараған. Ақ түсті кеданың қандай киімдермен үйлесетінін қарап көрейік.

Ақ бейне

Ақ кеданы бірыңғай ақ түсті киімдермен үйлестіріп киюге болады. Бұл әрі сәнді, әрі жазға ең ыңғайлы болып келеді. Бейнеңізді ақ түсті аксессуарлармен толықтырсаңыз, сәннен хабарыңыз бар екені анық байқалатын болады.

Шорты - Current/Elliott, Asos жейдешесі, Gucci сөмкесі,  Nixon сағаты

Деним

Демалыста ұзақ жерге серуендеуді жоспарлап қойдыңыз ба? Бұл жағдайда деним стилі таптырмас шешім. Жарқын түсті топ пен джинс шалбарын киіп, ашық түсті рюкзак тақсаңыз, айналаңыздағы жандарды шаттыққа бөлейсіз. Бейсболка киіп алсаңыз да болады.

Gap джинс шалбары, топ - H&M, Herschel рюкзагі, бейсболка - Nike

Бохо-шик стилі

Апалы-сіңлілер Мэри-Кейт пен Эшли Олсеннің, голливудтық жұлдыздардың киіну стиліне бей-жай қарамасаңыз, бұл жазда ақ кеданы джинс көйлекпен киюіңізге болады. Әсемдік үшін винтаж стиліндегі аксессуарларды, күннен қорғайтын көзілдірікті қосуыңызға әбден болады.

TopShop көйлегі, 3.1 Philip Lim сөмкесі, алқа -  Lanvin, білезік - Tory Burch

Гүлді принт

Кеданы осы жаздың сәніне кіретін танымал гүлді принтпен киіп көріңіз. Аксессуарларды дұрыс таңдап кисеңіз, сәтті ансамбль шығады. Мысалға, гүлді сарафан мен қысқа шорты, сәнді көзілдірік пен сабаннан жасалған қалпақ ажарыңызды айқындай түседі.

Топ пен шорты - Asos, қалпақ - Roxy, күннен қорғайтын көзілдірік - Aldo

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: elle.ru

Y. Smaghul