Жаз мезгіліне арналған түрлі-түсті маникюр
![Жаз мезгіліне арналған түрлі-түсті маникюр](/userdata/news/news_20118/photo.jpg)
2014 жылы сәнге айналған түстер туралы бұған дейін жазған едік. Енді сол түстерді бір-бірімен үйлестіруді үйренейік. Осы күндері қыздардың қолына назар аударсаңыз, маникюр үшін бірнеше түстің қолданылғанын байқайсыз. Ал суреті бары, тіпті, керемет көрінеді.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Егер біртекті түстерді ұнатпайтын, эксперимент жасаудан қорықпайтын жан болсаңыз, сәнді француз маникюрін бірге жасайық. Мұнымен қатар ай тәрізді маникюр де тартымды көрінеді.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Бұл маусымда кез келген жолақтар сәнде. Олар көлденең, тік болуы мүмкін. Және бір емес бірнеше түсті қатар пайдалануыңызға болады.
![]() | ![]() |
Осы жазда сәнге айналып отырған трендтердің бірі – ою-өрнектер. Тырнақты бірнеше бөлікке бөліп, әр бөлігіне майда оюлар салыңыз.
![]() | ![]() |
Мұнымен қатар ою-өрнекті барлығына емес, тек бірнеше тырнағыңызға ғана салуыңызға болады. Ал егер тырнағыңыздың нәзік көрінгенін қаласаңыз, гүлді суреттерді таңдаңыз. Гүлдерді кез келген түстің үстіне салуға болады.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: passion.ru
Қ. Бүйенбай