2014. Сән: "Әлем дизайнерлері мектеп бітіру кешіне қандай көйлек ұсынады?"

2014. Сән: "Әлем дизайнерлері мектеп бітіру кешіне қандай көйлек ұсынады?"

Кез келген қыз көпшіліктің көзіне жақсы мінезімен, ерекше талғамымен түсуге ұмтылады. Ол үшін міндетті түрде қыз сандығының ішінде әсем көйлегі болуы тиіс. Бір емес, бірнешеуі болса, тіпті жақсы. Жақында келе жатқан бітіру кешінде ең көрікті арудың бірі болғыңыз келсе, ең бірінші пішінін дұрыс таңдаңыз. Пішініне байланысты әлем дизайнерлері бұл маусымда бір түсті және кестелі жіппен өрнектелген көйлектерді ұсынады. Әрине олардың барлығы талғамымыздан шығады деп айта алмаймыз, бірі - тым ерсі көрінсе, екіншісі - нәзіктік сыйлайды. Алайда дәл осындай көйлек сатып алмасаңыз да, негізгі идеясын пайдаланып, көйлек тіктіруіңізге болады. 

 

Маски көйлегінің фасоны классикалық кешкі сәнге сай келеді. Қазіргі заман үлгісінде ұзын шлейф сақталған, ал қалған детальдары толықтай өзгерген. Екінші суреттегі алқызыл көйлек нәзіктік сыйлайды. Үстіңгі бөлігі гүлдермен безендірілген.

 

Грек стиліндегі көйлек киіп жүруге ыңғайсыз болса да, көпшілікті ұзындығымен қызықтырады. Ал ақ түсті көйлек тазалықтың нышанындай көрінеді. Оны ресейлік дизайнер Светлана Тегин тіккен. 

 

Жоғарыдағы көйлек Игорь Чапурин мен белоруссиялық Лена Цокаленкоға тиесілі. 

 

Бұл маусымда сәнгерлер қалауын ақ түске берсе де, өзге түстер үлкен сұранысқа ие болуда. Соның бірі алқызыл түс. 

 

Preen by Thornton Bregazzi мен бірнеше жыл бойы сәнді киімдер қатарынан орын алып келген мити көйлегі. Бұл көйлек кез келген дене пішініне сай келеді. 

 

Delpozo мен Валентин Юдашкин ұсынған көйлектер. Қыздар қауымы сәнге еліктегіш болғандықтан, мектеп бітіру кешінде танымал үлгіде киінетіні анық. Егер ерекше болғыңыз келсе, жоғарыдағыдай көк түсті көйлек киіңіз. Түсімен қатар пішіні де ерекше. 

 

Бюстье мен Saint Laurent көйлегі. Күнделікті тұрмыста болсын, мектеп бітіру кешіне болсын кию ұсқынсыздау көрінетіндей. Алайда таңдау еркі өзіңізде. 

 

Бұл екі көйлекті "Көңілді түстер" деп атауға болатын шығар. Себебі бірнеше түстің қосындысынан құралады. 

ыв

Ілмекпен тоқылған киім әрдайым сәнде болады. Алайда дәл осындай көйлек тіккіңіз келсе, ішіне астарын тігуді ұмытпаңыз. 

 

Giambattista Valli көйлегі. Өрнек пен мата үйлескен бұл көйлектер барлығына да нәзіктік сыйлайды. 

Ал сізге қай көйлек ұнады?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru

Қ. Бүйенбай