Киім түстерін үйлестіру

Жазда түрлі түсті киімдерді кию сәнге айналды. Сәнге сәйкес киінгіңіз келсе, мамандар кеңесін пайдаланып, киіміңіздің түстерін дұрыс үйлестіріп таңдаңыз.

1. Ақ түсті барлығымен үйлестіруге болады: қара, қызыл және көк түстермен жақсырақ үйлеседі.

2. Ақшыл сары (бежевый): көк, қоңыр, ақ, қара, қызыл, меруерт түстес.

3. Сұр: көк, күлгін, фукция.

4. Күлгін: қоңыр, ақ, жасыл, зәйтүн түстес, сұр, көгілдір.

5. Қызыл: сары, ақ, жасыл, көк, қара, қоңыр.

6. Шие түстес қызыл: сұр, қызғылт, ақшыл сары, құм түстес, солғын сары, зеңгір көк.

7. Малина түстес қызыл: ақ, қара, раушан түстес.

8. Қоңыр: ақшыл көк, күлгін, жасыл, ақшыл сары, қуқыл сарғылт (палевый), ақсары (кремовый).

9. Ақшыл қоңыр: солғын сары, ақсары, көк, жасыл, қызыл, қарақошқыл түс (пурпурный).

10. Қара-қоңыр (темно-коричневый): лимон түстес, ақшыл көк, жасыл жалбыз түстес, қарақошқыл күлгін, жасыл лайм түстес.

11. Қызғылт қоңыр: күлгін, қара қоңыр, көк, жасыл, қарақошқыл.

12. Қызғылт сары: көк, ақ, қара, күлгін көк (фиолетовый), ақшыл көк (лиловый).

13. Қызғылт сары: сұр, қоңыр, зәйтүн түстес.

14. Сары: шие түстес қызыл, ақшыл көк, сұр, қара, күлгін көк (фиолетовый).

15. Алтын түстес сары: сұр, қоңыр, қызыл, қара, көкшіл.

16. Ақшыл жасыл: қоңыр, күлгін, қызғылт, көк, сұр.

17. Зәйтүн түстес: қоңыр, апельсин түстес.

18. Жасыл: қоңыр, қызғылт, жасыл, сары, қара, ақсары.

19. Салат түстес: қоңыр, сары қоңыр, сұр, құм түстес, көк, қызыл.

20. Көгілдір (бирюзовый): шие түстес қызыл, сары, қоңыр, ақсары, күлгін көк, фукция гүлдері түстес.

21. Көгілжім (электрик): алтын түстес сары, қоңыр, ашық қоңыр, күміс түстес сұр.

21. Көгілжім (электрик): алтын түстес сары, қоңыр, ашық қоңыр, күміс түстес сұр.

22. Ақшыл көк: қызыл, сұр, қоңыр, қызғылт, күлгін, ақ, сары.

23. Қара барлық түстермен үйлеседі. Әсіресе қызғылт, күлгін, жасыл, ақ, қызыл, сары түстермен жарасымды.

24. Фуксия (қанық күлгін): сұр, сарғыш қоңыр, лайм түстес, жалбыз түстес, қоңыр түстермен жақсы үйлеседі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: myladies.ru