- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Tesla Motors қуаттау...
Tesla Motors қуаттау станциясының прототипін таныстырды (видео)
Фото:
hi-news.ru
Осы жылдың қаңтар айында электромобиль шығарумен айналысатын америкалық Tesla Motors компаниясының роботтық құрылымға ие электрмен қуаттау станциясын құрастыруы туралы мәлімет берген болатынбыз. Бүгін Tesla инженерлері «механикалық жылан» станциясының алғашқы прототипін Twitter желісінде ұсынды.
Tesla Motors концерні шығаратын көліктер үшін құрастырылған электр қуаттау станциясының коннекторы жылан құрылымына сәйкес жасалған. Бұл әзірге ең бастапқы прототип. Келесі ұсынылатын нұсқалар бұдан әлдеқайда үлкен болуы мүмкін.
Компания басшысы Элон Масктың айтуынша, қуаттау станциялары концерн шығарған барлық көліктерге бірдей қызмет көрсете алатын әмбебап технологиямен жабдықталады.
Ж. Өрісбай