Таңдаулы 9 туит #2

Таңдаулы 9 туит #2
Туиттер желісі өзімен бірге туит, ретуит, хэштег сияқты терминдерді алып келді. Бүгінде бұл сөздерді түсінбейтін туитші жоқ. Әсіресе, хэштег (#) әлдебір оқиға орын алғанда толық ақпарат алу үшін таптырмас көмек. Осындай мол мүмкіндік ұсынып отырған туиттерге секундына 13 аккаунт тіркеледі екен. Бұл мәліметке Қазақстан туитшілері де өз үлестерін қосып жатыр. Айтпақшы, жақында Қазақстан туитшілерінің рейтингін анықтайтын toptweets.kz жобасы пайда болды. Туиттерде аккаунтыңыз болса, осы жобаға кіріп, рейтингтен өзіңізді тауып көре аласыз. 
Алдыңғы аптада бастаған үрдісіміз бойынша, осы аптада жазылған мыңдаған туит ішіндегі ең қызықты, ең таңдаулы 9 туитті ұсынамыз. 
 11 сәуір жазды:

Маманың телефонындағы смс-терін оқып отырмын. Үйде үш қызбыз. Үшеуміз үш жерден: "Мама, маған анау керек, мынау керек" деп жаза беріппіз...

 11 сәуір жазды: 

Бүгін мен көліксіз, телефонсыз, ақшасызбын. Шымкенттің ойдым-ойдым жолдары көлікті сындырды. Телефон үйде қалды, ақша әйелімде кетіпті. Тек инет.

 12 сәуір жазды:

Жеңісім - тірі жүргенім. Мұңайғаным мен күлгенім. Тірлікті ессіз сүю де – Ерлік екенін білгенім.(с)

 14 сәуір жазды:

Жазған туиті басқа, тәртібі бір басқа жандармен әлеуметтік желіде дос болсақ та, реалда дос болудан сақтасын.

@urimtal 15 сәуір жазды:

Скайпкаст аяқталды. Қатысушылардың арасынан пәкістандық студенттің белсенділігі ерекше байқалды.

 16 сәуір жазды:

Қазақша контент пен қазақ сайтын іздеуде Яндекс алға шығыпты. Гуглге ренжіп отырмын.

 16 сәуір жазды:

Жоғалтып алған бір адамдарды туиттерден көріп, көзайым боп отырмын... Ой, дүния-ай десеңші!...)))

 17 сәуір жазды:

Алатауды көргенде, еріксіз аласарып қаласың)

 18 сәуір жазды:

Қызында iPhone, мамасында iPad, ал әкесінде iCайын кредит.

Таңдаулы 9 туиттің ішінен қайсысы ұнағанын пікір ретінде қалдырыңыз.

Дайындаған: @ushkin

Р. Роза