Таңдаулы 9 туит

Таңдаулы 9 туит

140 символмен тобықтай түйінді жеткізетін туиттер желісі күннен-күнге кең етек жайып келеді. "Менің туиттерде 5000-нан астам оқырманым бар, ендеше мен газеттің немесе бір журналдың бас редакторымын" деген Майғазиевтің (@SakenMaigazievсөзінен мән іздесек, туиттерге тіркелген әр қолданушы қоғамға ықпал етуге құқық алатындай. Тек мәнді cөз, жүйелі ой айта білсе, болғаны...

Барак Обаманың () сайлаудан кейінгі жазған "Енді төрт жыл бар" деген бір ауыз туиті 814 мың ретуит жинап, 2012 жылдың ең танымал туиті атанған деседі. "Танымал туит" тағына таласпаса да, біздің көзқарасымызда таңдаулы атанған 9 туитті әр аптаның бейсенбісінде назарларыңызға ұсынып отыруды жөн көрдік. 

 18 наурыз күні жазды: 

ТВ-ді көріп отырып, түрлі ой келеді. ) Түрлі әнші қаптап кеткен. Мен де ән жазам-ау деймін, іш пысып кетті. ) Несі бар, караокеден 100 балл жинайм ғой. )

 28 наурыз күні жазды: 

Өзін терең адам танытқысы келіп, керең көрініп қалатындар аз емес. )

 29 наурыз күні жазды:

Купюралардың дизайнын ауыстыра бергеннен шаршадым. Қай ақшаның қандай екенін ұмытып қалдым. Дизайнер көп болса, қазақ сайттарына беріңіздер.

 29 наурыз күні жазды:

Қыз бала өмір бойы бір адамды сүйіп өту керек... Ерлер жағын білмеймін! Қайырлы түн!)

 3 сәуір күні жазды:

Ақындар қызық осы. Өлеңін арнап, күйіп-жанып, үздіккен қыздарына үйлене алмайды. Ал үйленген жарына өлең арнай бермейді... #ой

 5 сәуір күні жазды:

Тaзa қала үшін таңда ерте ояндық! #Орал #БҚО #сенбілік

 5 сәуір күні жазды: 

Ал мен қазақша пернетақтаға 1000 тг беріп, сатып алдым. Еңбектері бар ғой не дегенмен. #андроид

 8 сәуір күні жазды:

Жүйке жүйесі шаршаған көп адамның. Бір нәрсе жазсаң, баж ете қалады. Ретвит жасасаң күрсінеді, ақыл айтады. Неге әркім өз-өзімен өмір сүрмейді?!

 9 сәуір күні жазды:

Адам тойынғанда, адам дандайысығанда, адам тыныштықтан жалыққанда, адам есіргенде, адам соғыстың не екенін көрмегенде не демейді! Ой, Аллам!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова (@ushkin)

Р. Роза