- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қоғамдық көлік жайлы...
Қоғамдық көлік жайлы қызықты деректер
Қоғамдық көліктегі адам санының көптігі жүйкемізге тиіп, барам деген жерімізге жеткенше шаршап қалатынымыз рас. Жаз күндері адамға лық толы қоғамдық көлікте тұрып, бір нәрсені армандаймыз. Бұл арманымыз - көліктің жер бетінен жоғалып кетуі. Солай емес пе? Жер бетіндегі барлық адамдар ерте замандағыдай сапарға жаяу шығып, көлікке мінуден бас тартса, қоршаған ортамыз бүлінбес еді.
Біздің мәселеміз осыдан 5000 жыл бұрын дөңгелектің пайда болуымен байланысты туды. Дөңгелектің пайда болған уақытына қарамастан, қазіргі үйреншікті көліктің пайда болуына бірнеше мыңжылдық уақыт кеткен.
1640 жылы қоғамдық көлік әлеуметтік топтарға бөлінгенді: бай, әл-ауқаты мол адамдар баратын жерлеріне 8 орынды арбаға мініп барған болса, орта таптағы шаруалар мен қолөнершілер арбаның артқы орындығына отырған. Қалтасында көк тиыны жоқ тақыр кедейлер көліктің жүк орналасқан жеріне отырып баратын. Жерге құлап қалу қаупі төнгенімен, олардың басқа амалдары жоқ еді.
Дүниежүзіндегі алғашқы қоғамдық автобус 1662 жылы қала көшелерін кезді. Бұл көлік атқа жеккен ағаш арбаға ұқсайтын.
1775 жылы Джеймс Уотт бу машинасын одан ары жетілдіргендіктен, автобус, пойыз бен қайықтар бу қозғалтқыштарын 100 жылдай қолданып келген.
1807 жылы адам қатынайтын алғашқы пароход пайда болса, 1825 жылы Стоктон мен Дарлингтон қалаларын қосатын әлемдегі алғашқы теміржол салынған.
1863 жылы Англия астанасы Лондонда адамдарды жердің астымен алып жүретін дүниежүзіндегі алғашқы метрополитен ашылды. Ал 1910 жылы алғашқы дирижабльдер пайда болысымен, шет елдерде көптеп әуе қатынау фирмалары бой көтерді.
Сурет: auto.gazeta.kz