- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жанармай үнемдейтін Hyundai...
Жанармай үнемдейтін Hyundai Sonata көлігі сатылымға шығады
Hyundai компаниясы келесі жазда Sonata Hybrid көлігінің сатылымға шығатынын хабарлады.
Автокөлік 2,0 литрлік Nu GDI төрт цилиндрлі қозғалтқышпен қамтамасыз етіледі. Көрнекті қуаты 154 ат күші, айналғыш уақыты 190 Ньютон/метр. Екінші күшті қондырғысы – 51 л/с қуат беруші электромотор. Айналғыш уақыты 205 Н/м. Гибридтік қондырғының жиынтық күші 6000 айн/м-та 193 л/с құрайды.
Sonata Hybrid моделі тас жолда 5,35 литр (100 км), ал қала ішінде 5,88 литр (100 км) жанармай жаратады деп хабарланды. Ортақ көрсеткіші 5,60 литрді құрайды. Бұл өткен шығарылымдармен салыстырғанда жанармайды 10%-ға үнемдейтінін көрсетеді.
Электрлік мотор қуат көзін сыйымдылығы 1,62 кВт/с литий-полимерлі аккумулятордан алады. Машина электрлік күш қозғалысында жылдамдығын 120 км/с-қа жеткізе алады.
Автокөлік қазіргі қауіпсіздік жүйесі бойынша кең спектрмен жабдықталған. Оған тұрақтандырудың динамикалық жүйесі, шина қысымын бақылау жүйесі, артқы көрініс камерасы, «соқыр» аймақты бақылау жүйесі, т.б. кіреді. Алдыңғы шығарылған нұсқаларындағы жеті қауіпсіздік жастықшасынан өзге жүргізушінің тізесін қорғайтын жаңа жастықша қосылды.
Жаңа гибрид премиум-класс акустикалық жүйесімен және 8 дюймдік дисплейлі борттық навигация комплексімен жабдықталған. Сыртқы дизайны жаңа тұжырымдама бойынша арнайы дайындалды. Көліктің құны әлі белгіленген жоқ.
Ұқсас жазбалар:
Бельгиялық инженерлер ерекше көлік құрастырды (видео)
Келешектің «кемеңгер көліктері» қандай болады?
@. @assel_assanova