Келешектің «кемеңгер көліктері» қандай болады?

Келешектің «кемеңгер көліктері» қандай болады?
Фото: www.digitaltrends.com

1. «Тілдесуге» қабілетті автомобильдер

V2V (Vehicle- to-Vehicle, «автомобиль автомобильге») сымсыз коммуникациялық желісі есебінен әрбір машина тасымал құралдары және инфрақұрылым бағытында мәлімет беріп отыратын және ақпарат алмасатын жағдайға ие болады. Оған жылдамдық, үдеткіш, бағыт, баяулық, қарқындық туралы не тұрақтандыру жүйесіне қатысты мағлұматтар кіреді.

2. Автомобильдер бір-бірін сақтандырады

«Автомобиль автомобильге» алғашқы қауіпсіздік құрылғысында байланысты хабарлауға Left turn assist (LTA) жүйесі қызмет етеді. Ол қарама-қарсы келе жатқан көліктің оңға бұрылуға болмайтын жағдайын және жол қиылысындағы көлікті анықтауды, қауіпсіздік ықтималдығын ескертеді. NHTSA хабарлауы бойынша, осы кедергілерден жылына 592 000 жол апаты болып, 1083 адам ғана аман қалады екен. V2V технологиясының арқасында жанармай шығыны және адам өлімі азаяды.

3. Инфрақұрылыммен өзара әрекеттеседі

«Интернет бұйымдары» аталатын инфрақұрылым V2I (Vehicle-to-Infrastructure, «автомобиль инфрақұрылымға») мол мүмкіндікті коммуникациясында үлкен роль ойнайды. Мысалы Audi концерні Travolution жүйесін жасап шығарды. Ол жол бойындағы бағдаршамдарды бақылайды. Жақын жерде бағдаршам барын анықтап, келесі бағдаршамның жасыл түсіне дәл жету үшін алдын ала жылдамдықты бәсеңдету керек екенінен хабар береді.

4. Автомобильдерден антивирустық қорғаныс талап етіледі

Болашақта ең көп сыналатын тұсы Бүкіләлемдік жүйеге қосылу қауіпсіздігі және жүйенің сенімділігі болмақ. Continental компаниясы Interior Electronic Solutions бөлімінің бастығы Йорга Лютцнер сөзіне сүйенсек, автомобильді интернет әлеміне енгізу үшін сәйкес қорғаныс пен қуатты антивириус қажет екен. Әлі күнге компьютерлік бұзақылар (хакер) автомобильдік жүйеге шабуыл жасап келеді.

5. V2V технологиясы АҚШ-та міндетті болады

АҚШ тасымал департаменті 2016 жылға V2V технологиясын міндеттейтін заң дайындап жатыр. АҚШ транспорт министрлігі Энтони Фокса: «V2V технологиясы адам өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ең үлкен әрі басты қадам», -деді.

6. Еуропалық Drive Car2X технологиясы 2017 жылы жарыққа шығады

Еуропада Drive Car2X аталатын жеке зерттеу бағдарламасы бар. Ол да V2I, V2V технологияларын қамтиды. Жоба Ford, Opel, Audi, BMW, Fiat, Honda, PSA, Renault және Volvo сияқты 47 компаниядан тұрады. 2017 жылы қолданысқа енеді.

7. 2025 жылы ғана толық қауіпсіздік орнайды

Әлемдік алып автошығарушылардың (GM, Ford, Toyota, Hyundai, Kia, Honda, Volkswagen, Audi, Mercedes-Benz, Nissan, Infiniti) бағалауы бойынша, «онлайн-автомобиль» өнімінің толық қолданысқа енуі үшін шамамен бес жыл қажет. Қандай жағдай болса да, кем дегенде төрт көлік тұрағы қосылмаса, жүйе жұмыс істемейді. Бір сөзбен айтқанда, барлығы жоспар бойынша жүзеге асса, 2025 жылы ғана толық қауіпсіз қызмет байқалатын болады.

 Ұқсас жазбалар:

Жолға арналған жаңа технология

Жаңа технология жаңалықтары

@. @assel_assanova