- Негізгі бет
- Шолу
- Жаңа әдіс 3D-көрсетілімнің...
Жаңа әдіс 3D-көрсетілімнің мүмкіндігін арттырады
Үш өлшемді суреттің иллюзиясын жасауда қолданылатын ең көп сұранысқа ие экрандардың бірі - автостереоскопиялық дисплей. Ол көбіне көздің бағдары кезінде көрілім нысанының өзгеруін көрсететін параллакс негізінде жасалынады. Әдетте үш өлшемді нәтижені алу үшін 3D-суреттің жарық бөлушісі ретінде микролинзалар қолданылады.
Бұл әдіс Nintendo 3DS ойын консолында оң нәтижесін бергенімен, үлкен экрандарда белгілі бір дәрежеде шектеліп қалады екен. Дегенмен Қытай ғалымдары жалпақ линзалардың орнына микроскопты линзаларды қолдану арқылы бұл мәселені шешуге ұмтылуда.
Қытайдағы Чэнду және Сычуань Университеттерінің зерттеушілері жасаған прототип үш өлшемді көріністің бұрышын 32 градусқа дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Ғалымдар алдағы зерттеулердің нәтижесінде 3D-көрсетілімнің мүмкіндігін екі есе арттыруға сенім білдіріп отыр. Кейіннен бұрыштың көрсету мүмкіндігін 90 градусқа дейін жеткізу жоспарланған.
Зерттеу жұмыстары Journal of Display Technology ғылыми журналында жарияланды.
Жоспарлы зерттеу жұмыстарына дисплей енінің кішірейтілуі де кіріктірілген. Себебі жаңа оптикалық компонентке ие 3D-дисплейлер қазіргі қолда бар дәстүрлі дисплейге қарағанда әлдеқайда қалың болып келеді.
Сурет: www.extremetech.com
Оқи отырыңыз:
Қытайлар 57 қабатты үйді 19 күнде салды (Видео)
Apple Watch екі есе қымбат болып шықты
Марк Цукерберг жақсы қызметкерді қалай таңдайтынын айтты
Түркия өзінің алғашқы ғарыш айлағын салады
Ж. Өрісбай