iPhone 5S әлемдегі ең жылдам смартфон болып танылды

iPhone 5S әлемдегі ең жылдам смартфон болып танылды

Қолданбалы электроникаларды сынақтан өткізуші тәуелсіз британдық Which?, ресурсы әлемдегі ең жылдам смартфондардың жаңа рейтингін жариялады. Рейтингтің көшін Apple компаниясының су жаңа өнімі iPhone 5S смартфоны бастады.

Құрылғыларды сынақтан өткізу барысында мамандар әр тапсырманы қанша уақытта орындайтынын есепке алып отыратын Geekbench мультиплатформалық синтетикалық тестін қолданған екен. Сынаққа қатысқан барлық смартфон бірнеше ядролы болғандықтан (2 немесе 4), тест кезінде олардың бір ядросының ғана қуатын анықтап, кейін оны ядро саны мен коэффициенттерге көбейту арқылы оның жалпы жылдамдығы анықталды.

Осылайша бұл бәсекеде Apple iPhone 5 смартфоны топ жарды. Бір қарағанда, оның процессор күші орташа көрінетіні жасырын емес. Онда 1,3 ГГц жиліктегі екі ядролы процессор орнатылғандығын айта кетейік. Алайда жоғары жиілік пен ядро саны үнемі үлкен өнімділікті бермейтіні анықталып отыр.  

Барлық смартфон бірнеше қайтара сынақтан өтіп, кейін қорытынды есебі жарияланды. Сонымен ең жылдам смартфондардың үздік жетілігі төмендегідей болды:

1. Apple iPhone 5S: 1410 (бір ядросын есептегенде), 2561 (барлық ядросымен бірге);

2. LG G2: 882, 2355;

3. Samsung Galaxy S4: 687, 1939;

4. HTC One: 643, 1805;

5. Apple iPhone 5C: 711, 1281;

6. Samsung GALAXY S4 Mini: 649, 1135;

7. HTC One Mini: 477, 880.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: techno.bigmir.net

Б. Қосмағамбет