HTC One Mini ресми түрде таныстырылды

HTC One Mini ресми түрде таныстырылды

Смартфондарды шығарумен танымал болған HTC компаниясы өзінің HTC One құрылғысының туысы HTC One Mini смартфонын ресми түрде таныстырды. Сонымен жаңа гаджеттің өлшемдері 132х63,2х9,25 мм құрады.

HTC One Mini смартфоны жиілігі 1,4 ГГц болатын Qualcomm Snapdragon 500 процессорымен жұмыс жасайды. Ол 1 ГБ DDR2 оперативті және 16 ГБ флеш-жадтарына ие болып отыр. Сондай-ақ жад көлемін microSIM картасы есебінен де үлкейтуге мүмкіндік қарастырылған. 

Смартфон HTC Sense қабықшасы бар Android 4.2.2 Jelly Bean операциондық жүйесімен жұмыс жасайды. Сондай-ақ 2G, 3G және 4G LTE ұялы телефон желілерін қатар қолдана алады. 

HTC One Mini екі бірдей камерамен жабдықталған. Фронтальды камераның мүмкіндігі 1 мегапиксельді құраса, ал HTC Ultrapixel аталған артқы немесе негізгі камерасы 13 мегапиксельді болып отыр. 

HTC One Mini смартфонының ғаламдық саудасы биылғы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Алайда кейбір елдерде ол тамыз айында да сатылымға шықпақ. Ал құрылғының нарықтық бағасы жөнінде әзірге нақты мәлімет жоқ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: android-community.net

Б. Қосмағамбет