- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Элон Маск қытайлық...
Элон Маск қытайлық тапсырыс берушілерден алданып қалды
Қытайдың Хайнань провинциясында өтіп жатқан Боао 2015 Азия экономикалық форумында Tesla Motors компаниясының басшысы Элон Маск қытайлық тапсырыс берушілердің келісімді соңына дейін жеткізбегенін айтты. Нақтырақ айтсақ, Tesla Model S электромобилінің Қытайдағы ресми таныстырылуынан кейін қытайлық кәсіпкерлер тапсырыс беру жөнінде келісімге келген. Ал компания қызметкерлері арнайы тапсырыспен дайын көліктерді елге жеткізген кезде тапсырыстар кері қайтарылған. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Әдетте қымбат көліктер тек алдын ала тапсырыспен ғана сатылады. Ал берілген тапсырыстың қайтарылуы Қытайда электромобильдерді энергиямен қамтамасыз ету станциялары мен қызмет көрсету орталықтарының жоқ екендігі себеп болып отыр. Нәтижеде Tesla Motors компаниясы қытайлық дилерлерінің қолында 2 300 дана электромобиль қалып қойды.
JL Warren Capital аналитикалық фирмасының есебі бойынша, Қытайда ағымдағы жылдың ақпан айында Tesla Model S электрокарларының 260 данасы ресми лицензия ала алған. Бұл одан алдыңғы айға қарағанда 45%-ға аз болыпты. Дегенмен осындай келеңсіздіктерге қарамастан Элон Маск электрокарлардың Қытай нарығында үлкен беделге ие болатынына сенім білдіріп отыр. Компания басшысы алдағы 4-5 жылда Tesla Motors көлік өндірісін Қытайға көшіретінін де жасырмады.
Жақында Model S көліктерінің бағдарламалық қамтуы жаңартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Жаңарту еншісінде автономды жүргізу функциясы енгізілгенімен, Элон Маск оны тереңдете дамытуды құптамайды. Себебі ол адам баласына қауіпті болатын жасанды сананың дамуына алып келеді. Оның айтуынша, болашақта атомдық энергетика мен жасанды сана адамзатқа қиындық тудырады.
Сурет: www.businessinsider.sg
Ұқсас жазбалар:
Tesla электромобилі Ferrari көлігін басып оза ала ма? (видео)
iMove (Apple) электромобильдері 2020 жылға қарай шығады
Apple iPhone-ды қойып, электрокөлік шығаратын болды
Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін
Ж. Өрісбай