- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Бір апта ішінде...
Бір апта ішінде Apple 43 миллиард доллар шығынға ұшырады
Фото:
iPhones.ru
Жақында ғана Apple компаниясы жарыққа жаңа Iphone 8 бен Iphone Х смартфонын шығарып, әлемді аузына қаратқан болатын. Өкінішке орай соңғы бір апта ішінде Apple Inc. 43 млрд. доллар шығынға ұшырады. Бұл соңғы 17 ай ішінде болмаған құлдырау болып тіркелді.
Басты себеп Iphone 8 бен Iphone 8 Plus смартфондарының кейбір әлсіз тұстары мен тұтынушылардың азайып кетуі. Алдымыздағы жұма күні ғана Apple нарығы 1.6% -ға құлдырады.
Естеріңізге сала кетейік, Apple компаниясы 12 қыркүйек күні жаңа Iphone смартфондарын таныстырған болатын.
М. Ақан