Iphone 8 және Iphone 8 Plus несімен ерекшеленеді?

Iphone 8 және Iphone 8 Plus несімен ерекшеленеді?
Фото: AppleInsider.ru

Apple компаниясы кезекті жаңа өнімдерінің тұсаукересін жасады. Онда Aplle өнімдерінің бірнеше түрі таныстырылып, соңы көптен күтен Iphone 8 бен Iphone 8 Plus смартфонына тоқтады. Сонымен жұртты таң қалдыруға тырысқан компанияның бұл жолығы өнімі несімен ерекше?

Iphone 8 смартфонының ерекшелігі оның сыртқы қалыбы әйнектен құрастырылған. Артқы камерасының анық әрі тұнық түсіру мүмкіндігі жоғарлаған. Үш түрлі түсте таңдау еркіндігіңіз бар: қара, күміс түсті және ал қызыл түс. Судан қорғайтын қабаттарымен де жабдықталған. Экранда да өзгеріс бар. Бұл 4.7 display және 5.5 display. Одан бөлек True Tone display технологиясымен ерекшеленеді. 6 ядролы процессормен жұмыс жасайтын Iphone 8 смартфоны арқылы енді сіз 3D ойын ойнай аласыз. 12 МР камера одан қала берді түрлі тағы да түстер қосылған.

Iphone 8 және 8 Plus камералары болашақта ең керемет деген фотоаппараттардың өзін жолда қалдыруы мүмкін. Мына жаңалықты қараңыз, фотошоп арқылы портретті кесіп алуға кемінде жарты сағат уақыт құртатын болсаңыз, ендігі жерде оның керегі жоқ. Себебі Iphone 8 сіздің суретіңізден артқы көріністі автоматты түрде алып тастай алады. Ешқандай техникалық қателіксіз жүзеге асады.  Айта кететін тағы бір ерекшелік, жаңа смартфон арқылы енді компас көмегімен жұлдызға қараудың қажеті жоқ. Телефонды жоғары көтеріп, аспанға қаратсаңыз, сізге жұлдыздар шоғырының атауы мен сызбасын өзі-ақ жасап береді. Керемет!

Мүмкін емес дүниеден мүмкін болатын істі жасаған Apple компаниясы ақыры, сымсыз қуат көзін ойлап тапты. Ендігі жерде Iphone 8 смартфонын арнайы қуат көзіне сымсыз қойып, қуаттандыра аласыз.

М. Ақан