BMW көліктерін смарт-көзілдірікпен басқаруға болады

BMW көліктерін смарт-көзілдірікпен басқаруға болады

BMW автомобиль концернінің өз көліктеріне смарт-сағаттың көмегімен басқару мүмкіндігін жасап жатқандығы туралы жазған болатынбыз. Енді немістің авто өндірушісі жуырда смарт-көзілдірікті көлікке бейімдейтін болады.

Тұтынушы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен көлікті автотұраққа қоя алады.Құрылғыда смарт технологияның соңғы жетістіктері қолданылмақ. Айта кетсек, көлік жүргізушілері виртуалды көріністі қосу арқылы автомобилінің ішкі құрылыстарын ашпай-ақ көре алады.

Сонымен ақатар, көлікті артқа айдау кезінде смарт-көзілідірікке қосылған камералар көліктің айналасындағы толық көрініспен қамтамасыз етеді. BMW көзіолдіріктері тек авто көнцерндерінің арасында бәсекелестікке түсіп қоймай, Google және Microsoft сынды компаниялардың өнімдерімен бақталасатын болмақ.

Financial Times берген ақпаратына сүйенер болсақ, аталған құрылғы BMW компаниясының силиконды аймақтағы ғылыми зертханасында дамытылып жатыр. Жуырда таныстырылатын қосалқы құрылғы BMW компаниясының Augmented Reality: The Extension Of Reality жобасының бір саласы болып табылады. Инсайдерлердің айтуы бойынша, BMW жаңа қосалқы өнімін ағымдағы жылдың сәуір айында таныстыруды жоспарлаған. Ресми анонс Қытайдың Шанхай қаласындағы компанияның негізгі автосалонында өтеді.

Смарт-көзілдірік туралы әзірге толық ақпарат жоқ. Дегенмен оның шынайы уақыт тәртібінде көлікке қатысты кез келген ақпаратты көз алдымызға шығарып бере алатыны ресми расталған. Мұндай ақылды құрылғылар болашақта тек көлік жүргізуде ғана қолданылмауы мүмкін.

Ескере кеткен жөн, неміс компаниясының мұндай көзілдіріктері осыған дейін де болған. Бірақ ол көлік жүргізушісіне тек шектеулі ақпарат бере алушы еді. Ал енді шығатын «ақылды» көзілдірік толық әмбебап модульге ие болады. Тағы да айта кететін жайт, смарт құрылғыны қолдану еш қиындық тұдырмайтын болады. 

Сурет: carsguru.net

Оқи отырыңыз:

Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін

Bentley тарихындағы тұңғыш жол талғамайтын көлік

NASA мен Nissan бірігіп көлік шығарады

2025 жылы дыбыстан да жылдам пойыздар іске қосылады

Ж. Өрісбай